КОЛЛЕДЖДІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірімізге жұмыс сапарында Оралдағы жоғары аграрлық-техникалық колледжіне арнайы ат басын бұрып, оқу орнының цифрландыру аясындағы тың жобаларымен танысты.


Кездесу барысында ҚР Премьер-Министріне BIM технологиясын оқу әрекетіне енгізу жайын колледж оқытушысы Руслан Махметов айтып берді. – Сіздердің назарларыңызға курстық жұмыс есебінде студенттермен бірге жасақталған «Жатақхана» жобасын ұсынамын. Жоба қолданылған материалдардың толық базасын және жобалау кезеңінде қабылданған шешімдерді сақтауға мүмкіндік беретін Revit бағдарламасымен BIM технологиясын қолдану арқылы жасақталды. Бұл өте маңызды сәт. Өйткені, ақпараттық база үнемі жобамен бірге жүреді. Бұл әдістің бір ерекшелігі – ғимаратты сандық жобалау кезінде қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Сандық сыңарлар нақты физикалық нысанды тұрғызу кезінде нақсыздықтар мен қателерді болдырмау қаупін төмендету үшін жасалады. Бұл нақты үлгіге мәселен, ауылдық елдімекеннің жоспарына сай 160 орынға арналған тоғыз қабатты ғимаратты алуға болады. BIM технологиясын енгізу ақпараттық модельдеуді дамытуға елеулі үлес қосады, – деген Руслан Мұратұлы сондай-ақ «Мәдениет үйі» жобасын да меймандардың назарына ұсынды. Жобамен таныспас бұрын жиналғандар арнайы көзілдіріктерін киді. – Біз сіздермен көпсалалы мәдени ғимаратта тұрмыз. Үшқабатты нысанның жертөлесі және техникалық қабаттары бар. Көлемі 69.6х87.2. Мұнда 36 орындық мәжіліс залы, 926 орындық концерт залы, 72 орындық кафе бар, – деп таныстырған ол арнайы көзілдірік арқылы құрылысы мүлдем басталмаған ғимаратта тұрғандарын айтты. Бұл финдік Collaprime компаниясымен ынтымақтастық нәтижесінде алынған 3D Cave құрылғысы болашақ нысанды цифрлық форматта көруге мүмкіндік береді. Бүгінде 3D CAVE аппараттық-бағдарламалық кешенді іске асыру үшін нақты жұмыстар атқарылуда екен. Осы орайда колледж оқытушыларына арналған BIM технологиялары бойынша оқыту курсын жүзеге асыру үшін жол картасы дайындалған.
Айта кету керек, Өткен жылы Оралдағы жоғары агротехникалық колледжінде елімізде ең алғаш болып ғимараттардың пішінін үш өлшемді модельдеу әдісімен жобалай алатын кешен іске қосылған болатын. Отандық құрылыс саласын еуропалық стандарттарға негізделген жаңа деңгейге көтеруде цифрландыру аясындағы жобалардың маңызы арта түспек. Болашақта бой көтеретін нысанның сапасы мен беріктігін қамтамасыз етуде 3D модельдеудің мүмкіндігі зор.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу