8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2020 2200 0
Қоғам

КІТАПХАНАЛАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

         Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің болашағы. Болашақ мамандардың заман талабына сай маман болып қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табуға болады.

ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтеруіліне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты  қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оның алдын алу, болдырмау мақсатында елімізде көптеген іс – шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Бұл құбылыстың зияндылығын, оның саяси, экономикалық және рухани қайта өрлеуге теріс ықпалын сезіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп екенін айқын елестете келе, мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру механизмдерін әзірлеп, іске асыруды көздейді.

Осы мақсатта, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Орал қаласындағы облыстық Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы, Облыстық зағип және нашар көретін  азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштар ашылды.

Аталған бұрыштар осы тақырыптағы түрлі газет, журналдар, кітаптар қойылып, оқырманның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық, адалдық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарындағы материалдарды бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
86 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
132 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
171 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
423 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
445 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»