8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2019 3290 0
Қоғам

«КІТАПХАНА – ТАҒДЫРЫМНЫҢ ТЫНЫСЫ»

        Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен  Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның концерт залында саналы ғұмырын кітапхана саласына арнап келе жатқан  осы саланың ардагері   Гүлжан Жұмақаеваның 70 жасқа толуына арналған «Кітапхана – тағдырымның тынысы» тақырыбында мерейтойы өтті.     

Адамзаттың   қолымен жасалған ұлы байлығының бірі – кітап. Осынау баға жетпес қазынаны халыққа жеткізу жолында облыс кітапханаларының көшбасшысы болып келе жатқан Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананы 1982-1999 жылдары, 2000-2008 жылдары  басқарған директор, білікті басшы, Түркияда өткен халықаралық кітапханашылардың басын қосатын ИФЛА конференциясының делегаты, Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің ІІ съезінің делегаты, Батыс Қазақстан облысы мәдениет саласының, кітапхана саласының ардагері – Гүлжан Төлегенқызы күні бүгінге дейін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  кітапханасында жұмыс істеп, жас ұрпақтың сапалы білім алуы мен саналы ғұмыр кешуіне  атсалысып келеді.

Өзінің өнегелі ғұмырында кітапханашы мамандығына адалдықты, сүйіспеншілікті ізін басқан жастарға үлгі қылып көрсете білген жандардың бірі – Гүлжан Төлегенқызы кітапхана ісін алға дамыту мақсатында аянбай еңбек етті.  Жаңа  технологияны кітапхана ісіне енгізудің бастамашысы болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында республикада ең алғашқылардың бірі болып қазақ және шетел тілдерін меңгеру курстарын ұйымдастырды, құжаттарды қазақ тіліне аудару қызметін жолға қойды. «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» жобасы аясында барлық аудандардың, әр ауылдың тарихын хаттап, ауыл энциклопедиясын жасақтады. Ресей мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы  «Шекарадағы кездесу» жобасы қолға алынып, шекаралас орналасқан аудандармен тығыз кітапханалық ынтымақтастық жолға қойылды.

Кеш барысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев,  Гүлжан Төлегенқызының туған жері – Қаратөбе елінен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Қайырғалиев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Ғабдушев, өлкетанушы, тарихшы  Ж.Ақбай, мәдениет саласының ардагері С.Анищенко және еліміздің бас кітапханасы ҚР Ұлттық кітапханасынан келген директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Юсупова мерейтой иесін құттықтап, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады.  Сонымен қатар кеште сөз алған бизнесті басқаруға қабілетті, жоғары білімді, білікті мамандар даярлауда елеулі тәжірибесі бар беделді оқу орны кешенінің президенті, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ұлттық инженерлік академиясының  мүшесі, профессор А.Әйтімов,  мерейтой кешіне арнайы Астана  қаласынан келген Гүлжан Төлегенқызының  апасы  Гүлбаршын Жұмақаева, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері М.Шүйіншәлиева, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапхана директоры Ш.Уразаева, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешева,  Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Уәлиахметова, жоғары және арнаулы оқу орындарының өкілдері мен қаладағы мектеп кітапханашылары құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Шара барысында кеш кейіпкерінің өмірі мен атқарған қызметі туралы «Ізгіліктің үрдісі, кемелдіктің кеңесшісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнефильм қатысушылар назарына ұсынылды.

Аягүл НУФТУЛЛИНА, Ж.Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК-ның Қоғаммен байланыс және көпшілік жұмыс секторының жетекшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
158 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
189 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
202 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
212 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
286 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
283 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
289 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
374 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
626 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
818 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
949 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
959 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1034 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1435 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1454 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1531 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1618 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1825 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1823 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»