ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЫНА ЖЕР АЛЫП БЕРДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі Бақытжан Базарбек фейсбуктегі парақшасында БҚО аудандарындағы жер комиссиялары мүдделер қақтығысын тудырып отырғанын жазған еді. Бұл мәселе бойынша бүгін «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында өткен брифингте БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет түсінік берді.

Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі Бақытжан Базарбек Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарындағы жер комиссияларында орын алған мүдделер қақтығысын жазып көрсеткен. Мәселен, Шыңғырлау ауданындағы жер комиссиясының мүшесі К.Құсмағамбетов өзі конкурсқа қатысуға өтініш берген және Ақшат ауылдық округі аумағынан жерді қолдану бойынша жеңімпаз атанған. Осы ретте БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен тексеру жүргізілуде.
– Алдын ала түскен ақпаратқа сәйкес комиссияның мүшесі К.Құсмағамбетов өзі берген өтінімді қарау кезінде дауыс беруге қатыспаған. Яғни мүдделер қақтығысы болған жоқ деп санаймыз. Дегенмен, тексеру нәтижелері әлі нақтыланған жоқ. Ресми баға сол кезде беріледі, – деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Н.Самет.
Екінші жағдай – Бәйтерек ауданы жер комиссиясында болған. Бұл мәселе бойынша да тексеру жүргізілуде. БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Н.Саметтің мәліметінше, Бәйтерек ауданындағы жер комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқановтың туысы, нақтырақ айтқанда туған ағасы Т.Залмұқанов Янайкин ауылында жерді қолдану бойынша жеңімпаз атанған. Бұл жағдайда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабында көрсетілгендей, мүдделер қақтығысы туып отыр.
– Бұл бапта жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатыны жазылған. Бәйтерек аудандық жер комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқанов алдын ала жағдайды аудан әкіміне хабарлауы керек. Сол ақпарат негізінде аудан әкімі мүдделер қақтығысын алдын алу мақсатымен шаралар қабылдауы немесе орынбасарының туысқанының өтінішін қарау уақытына жер комиссиясы құрамын өзгертуі керек еді, – дейді Н.Самет.
Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұсынысымен Бәйтерек ауданы комиссиясының ол азаматқа (аудан әкімі орынбасарының туысына) жер беру туралы шешімінің күші жойылған. Тиісті тексеру жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша лауазымды мемелекеттік қызметкердің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралмақ.
Сондай-ақ Н.Самет осы мәселеге қатысты аудандық жер комиссиясының мүшесі әрі «Нұр Отан» партиясының Бәйтерек ауданындағы филиалы жанынан жұмыс жасайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшесі бола тұра Л.Шмаринаның бұл жағдайды алдын алуға әрекет жасамағаны алаңдатып отырғанын да жеткізді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу