КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Дәл қазір Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы басталды. Конференция отырысына партияның облыстық филиалы төрағасы, өңір басшысы Ғали Есқалиев төрағалық етуде.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес, 128 делегат сайланған болса, аталған басқосуға соның 124-і қатысуда.
Сондай-ақ конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы аудандық, қалалық филиалдарынан сайланған делегаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясыңың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, ҚР Парламентінің Мәжілісіне дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру мәселелері қаралатын болады. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту, аталған партияның кезектен тыс ХХ Съезіне делегаттарды сайлау мен өзге де мәселелер конференцияның күн тәртібіне енген.
-Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз еліміздің тарихында биыл алғаш рет жалпы ұлттық деңгейде өткен праймеризге белсенді түрде қатысып, атсалыстыңыздар. Праймеризге қатысуға көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік, өзіндік идеясы бар, жаңа көзқарастағы азаматтар шешім қабылдады деп ойлаймын. Партияішілік іріктеу – барша қатысушыларға тең мүмкіндік берді. Праймеризге кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер, құрылысшылар, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары секілді түрлі саланың мамандары мен өкілдері қатысты. Осы орайда жастар мен әйел адамдардың белсенділігін атап өткен абзал. Батыс Қазақстан облысы бойынша праймеризде 460 кандидат тіркеліп, 421 кандидат қатысты. Оның ішінде 155-і әйел (36,8 %), 144-і (34,2 %) 35 жасқа дейінгі жастарды құрады. Төрт күнге созылған дауыс беруде облыстың 22 903 партия мүшесі немесе 85% дауыс берді. Осы аралықта облыс тұрғындарынан 1205 ұсыныс түсті. Оның 77% -ы облыс, қала мен аудандық партия филиалдарының сайлауалды бағдарламасына енгізілді,-деді облыс әкімі, филиал төрағасы Ғали Есқалиев.

Батыс Қазақстан облыстық
«Nur Otan» партиясы филиалының баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу