КЕЗЕККЕ ТҰРЫП ЖЕР ТЕЛІМІН АЛУ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Елімізде кезекке тұрып жер телімін алу жеңілдетіледі. Арнайы ақпараттық жүйе жұмыс істеп, соның арқасында азаматтар өзіне тиесілі жер телімін бір жыл емес, бір айдың ішінде ала алады.
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: – Жер қатынастары саласындағы өзекті проблема – жер учаскесін алу кезіндегі кезекке қоюды тәртіпке келтіру. 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алуға кезекке қоюды автоматтандыруды аяқтау жоспарлануда. Енді жер комиссиясы деген болмайды. Барлығы автоматтандырылған соң, коммуналдық қызметтермен мәселе сол жүйеде шешіледі де, қағаз құжатқа тәуелділіктен арылады. Осыған дейін жер телімін алуға азаматтар шешімді бір күтетін. Енді бір айда шешіледі. Ал жер телімін үй салуға, шаруашылық жүргізуге, бау-бақша салуға немесе басқа да қажеттікке пайдалануға болады. Қазір жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерін ғарыштан бақылауда пилоттық жоба жүріп жатыр. Соның арқасына 8 миллион 300 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған. Оның ішінде 2 миллион 600 мың гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылса, 5 миллион 700 мың гектарының иесіне ескерту жасалған.

https://www.ktk.kz/kz/news/video/2020/12/02/165936/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу