«КЕСІЛГЕН АҒАШТЫҢ ОРНЫНА БЕС ЕСЕ КӨП ТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ»
Оралда болашақта салынатын «Ақжайық» шағынауданы бағытына жоспарланған көпірдің жобасы өзгертілмек. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев айтты.

Орал қаласы бойынша қолға алынып отырған ірі жобалардың бірі – «Ақжайық» шағынауданы бағытына салынатын көпір құрылысы. Алғашқы ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаудан кейін жобаны өзгерту қолға алынуда. Бұған дейін қалалық демалыс және мәдениет саябағындағы 1500-дей теректің кесіліп, 50-60 үйдің сүрілетіні туралы айтылған болса, енді көпір саябақтан қашық жерден салынбақ.
– Әлі көпір салынатын жоба бекітілген жоқ. Дегенмен, көпір саябақтан қашық жерден болатынын нақты айта аламыз. Жабайы өскен 700-дей терек қана кесілуі мүмкін. Әрі бұл теректердің орнына мердігер компания бес есе көп тал отырғызып, кепілдік мерзіміне сай күтіп-баптайтын болады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес кепілдік мерзімін 10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндігіміз бар. Оны жобаға енгіземіз, – деді бөлім басшысы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу