8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2019 3087 0
Қоғам

КЕМЕҢГЕР ХАЛЫҚ ПЕРЗЕНТІ. АҚЖАЙЫҚТА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОРАЗ ИСАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстанда мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Исаевтың 120 жылдығы аталып өтті.

Тарихты сөйлетсек,  Ораз Исаев 1899 жылы бұрынғы Орал облысының Ілбішін уезіне қарасты Қарасу болысында  дүниеге келген. Сол жердегі орыс-қазақ мектебінде оқып, хат таныған. Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкімшілігінде хатшы болып бастайды. 1917 жылы Шалқар болысында земство басқармасының хатшысы және уездік милиция хатшысы болып істеген. 1919-1920 жылдары Ілбішін және Жымпиты уездерінде құқық қорғау органдарында еңбек етеді, ТХО (ЧОН) жауынгері, губ ТК (ЧК), ОГПУ уәкілі, губерниялық қылмысты істерді іздестіру органы бастығының орынбасары болады. 1921 жылы большевиктер партиясы қатарына өтіп, Орал губерниясында комсомол, кәсіподақ ұйымдарын құруға атсалысқан.1924-1925 жылдары РК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының орынбасары, Қазақ ОАК-нің хатшысы.1925-1929 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің екінші хатшысы, 1926 жылғы шілденің 13-і мен тамыздың 30-ы аралығында «Еңбекші қазақ» газетіне де басшылық жасап, газет редакторы болады. Бұл тұста ол Қазкрайкомның ұйымдастыру бөлімін басқарған. 1929 жылғы сәуірден 1938 жылдың мамырына дейін Қазақстан Халком кеңесінің төрағасы, КСРО БОАК және ОАК төралқасының мүшесі, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болады.

1938-де жалған жаламен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Ораз Жанұзақұлы Исаевты еске алуға арналған игі шара туған жері қазіргі Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында ұйымдастырылды. Ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатындағы екі күндік шараға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, Ораз Исаевтың бауыры Керейдің қызы Ұмсын және қайраткердің басқа да ұрпақтары мен ауданның зиялылары, ауыл тұрғындары қатысты.

11 қазан күні шара «Ұлыларын ұлықтайды ұрпағы» салтанатты жиынымен ашылып, Ораз Исаевтың есімін иеленген орта мектепте қоғам қайраткеріне арналған мұражай ашылды. Мұражайға Ораз Исаевтың өмір сүрген заманында қолданылған заттар, әр съезде оқыған баяндамалары, құжаттар, қайраткердің шежіресі және оның отбасылық және еңбек еткен кезеңдеріндегі фотосуреттері қойылған. Жанұясымен тұрған үйі, өзі оқыған Қарасу-Шалқар екі жылдық орыс-қазақ училищесінің макеттік үлгісі де жасалған. Жұмабай Құлиевтің Ораз Исаев туралы жазған кітабы, осы ауылдың тұрғыны болған, ұстаз Сапар Ғабдолұлының зерттеу қолжазбалары, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының Ораз Исаевқа арналған шығармалары және бар. Сонымен қатар мұражай төріне мектеп түлегі Досжан Бижанов дайындаған қайраткердің кеуде мүсіні орнатылған. Бұдан бөлек мұражайдан Қарасу-Шалқар орыс-қазақ училищесінде Ораз Исаевпен бірге оқыған ақжайықтық Алаш арыстары туралы мағлұматтармен танысуға болады.

Жаңадан ашылған музейдің ерекшелігі – мұнда Ораз Исаев туралы мәліметтерді электронды түрде оқып, тануға мүмкіндік жасалған. Ол үшін екі планшет орнатылыпты. Мектеп директоры Нұрлан Есболатовтың айтуынша, деректер әлі де толықтырылады. Ол үшін Нұрлан Мұхамбетұлы арнайы Нұр-Сұлтан қаласына барып, Ораз Исаевтың ұлы Бекет ағамызбен кездеспек.

–  Ораз Исаевтың Нұрлан, Бекет атты қос ұлы болған. 1969 жылы мектеп алдында Ораз Исаевтың ескерткіші ашылған кезде Ораз Жанұзақұлының ұлдары да, жұбайы Сара Есова да келген екен. Өкінішке орай, қазір жұбайы және ұлы Нұрлан өмірде жоқ. Телефон арқылы Бекет ағамызбен хабарласып, мектебімізде мұражай ашылып жатқанын айтқанымызда қуанып қалды.  Денсаулық жағдайына байланысты бұл тойға келе алмай отыр. Дегенмен, өзінде бар мәліметтермен бөлісуге дайын екенін жеткізді, – дейді Нұрлан Есболатов.

Шара  «Ел ұмытпас ерлерін» атты ақындар айтысымен жалғасты. Сөз додасына облысымыздың аудандарынан 12 ақын жиналды. Ақындар ұлт үшін туылған асыл ердің жасаған еңбектерін жырларына арқау етіп, ауылдың негізгі мәселелерін де тілге тиек етті.

Мерейтойлық шара бүгін дала қызықтарымен айшықталмақ. Ауыл сыртында киіз үйлер тігіліп, аламан бәйге, қазақша күрес, «Көкпар» ойыны оздырылады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
77 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
343 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
602 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
841 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
878 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1031 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1225 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1460 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1545 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1655 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1663 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1693 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1698 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1802 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2023 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2330 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»