8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2019 1697 0
Өзек

KCЕНОНДЫ ЖАРЫҚ ҚОЛДАНҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

Орал қаласында 38 көлік жүргізушісі ксенонды жарықтар пайдаланғандары үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтуде. Шараның алғашқы күні Жол қозғалысы ережесінің бұзылуы бойынша 439 факті анықталды. 11 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін, 53 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 30-ы маневр ережесін бұзғаны үшін, бесеуі – жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін, 63-і қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, тыйым салу бағдаршамынан өткен кеткені үшін – сегіз жүргізуші және көлік рөлінде отырып, телефон қолданған 34 жүргізуші жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ көлікті техникалық тексеруден өткізбеген, жүргізушілік куәлігі жоқ немесе көлік басқару құқынан айырылғандар да анықталды.

Бұдан бөлек патрульді полиция батальоны қоғаммен бірге ксенонды жарықшамдарын заңсыз орнатып алған жүргізушілермен жұмыстануда.  Қарсы келе жатқан көлік жүргізушісіне шағылысып, басқа жол қозғалысы иелеріне қолайсыздық тудыратын ксенонды жарық  иелері әкімшілік жауапқа тартылады. Жедел алдын алу шарасының алғашқы күні 38 жүргізуші ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 590-бабы, 7-тармағында көрсетілген рұқсатсыз жабдықталған көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуда. Аталмыш бап бойынша  15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»