КАРАНТИН КЕЗІНДЕ МІНДЕТТЕРІН МІНСІЗ АТҚАРҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Коронавирус індетінің алдын алу бойынша төтенше жағдай және карантин режимін сақтауда блок бекеттерде бақылау-өткізу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. №1 блок бекетте ұйымдастырылған салтанатты рәсімде БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимов пен Орал қаласы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов тәртіп сақшыларына алғыстарын жеткізді.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. Коронавирус жұқтыру қаупі сейілген жоқ. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын ұмытуға болмайды. Дегенмен ел аумағында кеше түннен бастап блокбекеттер күшін жойып, көлік қатынасы кідіріссіз жүре бастады. Мәселен, облыс аумағында барлығы 60 блок бекет болса, оның 9-ы шаһардың кіре берісіне қойылған еді. 1 маусымнан бастап, өңірлік жедел штабтың шешімімен блок-бекеттер ресми түрде алынды. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап 78 күн бойы блок бекеттерде аса жауапты міндетті атқаруға 300-ге жуық тәртіп сақшысы тартылған.
Полиция генерал-майоры Махсудхан Нұғманұлы тұрғындардың амандығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып шыққанын атап өтті. Блокбекеттер арқылы тәулігіне 7 мыңға жуық көлік құралы, 10 мыңнан астам жолаушылар тексерілген. Сырттан келушілердің жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасын болдырмау және індеттің таралуына жол бермеу мақсатында облыс аумағы арқылы өтетін транзиттік автокөліктерді қадағалап оларға ілесіп жүру, шығарып салу жұмыстары ұйымдастырылды.
БҚО Полиция департаментінің басшылық құрамы мен полиция қызметкерлеріне шаһар басшысының алғысын жеткізген қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов көрінбейтін жау пандемиямен күрес Тәуелсіз елімізде болмаған оқиға екенін атап өтіп, осы күрделі кезеңде тәуекелге бел буып, төзімділікпен жұмыс атқарған сақшыларға ризашылығын, ізгі тілегін арнады.
ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес 40-қа жуық қызметкерге кезекті арнаулы атағы берілсе, 50 сақшы Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА



Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу