8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2020 1341 0
Қоғам

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҮЗДІКСІЗ 35 ЖЫЛ

«Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 жылдың үстінде қызмет етіп, қала халқын сумен қамтуда. Кәсіпорында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандар бар. Бүгін серіктестік ұжымы осындай мамандардың бірі, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері Лилия Каюмовна Джафарованы 35 жылдық еңбек өтілімен құттықтады.

 

Лилия Каюмовна кәсіпорында 1985 жылдан бері жұмыс жасайды. «Батыс су арнасы» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінде 1991 жылдан бері техник лауазымында, одан кейін түрлі жылдары осы бөлімнің инженері, бөлім бастығының орынбасары, инженер лауазымында қызмет етіп келеді. Барлық жұмыс жасаған уақыт ішінде үздік еңбегі үшін мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен, ҚР Экономика министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған. Әріптестерінің арасында өзінің тұрақты өмірлік ұстанымдары үшін және көп жылғы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі үшін сыйлы, беделді, осы тәжірибесі, дағдыларымен жас мамандармен қуана бөліседі, ұжым өміріне белсенді қатысады. Аяулы ана, асыл әже.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»