8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2020 2673 0
Қоғам

«КӘСІПОДАҚ ҚАРЖЫСЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС»

          Өткен жыл соңында ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасының Заңы бекітіліп, күшіне енген болатын. Бұл заң мұғалімнің құқықтық жағдайын, әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғалуын реттейтін болады. Ақпанның 25-і күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өңір ұстаздарымен жүздескен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева аталмыш заң нормалары мен талаптарын жан-жақты түсіндірді.   Жиынға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлары, колледж және мектеп директорлары, облыстық білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, есепшілері және кәсіподақ белсенділері қатысты.

 

Жиынды жүргізген облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев заң аясында мұғалімнің қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі нақты айқындалып, білім сапасына ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік берілгенін атап өтті. – Педагог мәртебесінің нақтылануы ұстаздар қауымына ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің қолдауына ие болғаны даусыз. Заң жобасын жасақтау кезінде біздің салалық кәсіподақ ұйымы ұсыныстар жинақтап, заңға енгізілуіне жүйелі жұмыстар атқарды, – дейді Марат Оразалыұлы.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіподақтың қоғамдағы маңызы мен орнын көрсетіп, «Кәсіподақтардың қозғалысы еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді» деген болатын. Салалық кәсіподақ бүгінгі таңда еліміздегі ірі қоғамдық ұйым болып саналады. Біздің қатарымызда 730 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар. 14 облыстық, екі аумақтық, төрт республикалық маңызы бар мүшелік ұйымдар бар. 150 аудандық, қалалық филиалдарымыз және 9296 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды. Жұмыскерлердің саны 592 мыңнан асса, соның 508 мыңы әйел адамдар, 234 мыңы жастар. Бір қуантарлығы, жастар саны жылдан-жылға артып келеді. Әлеуметтік әріптестіктің нәтижесінде салада ұстаздардың көптеген өзекті мәселелері шешімін табуда. Білім және ғылым министрлігіне ұстаздардың үнін еститін   Асхат Аймағанбетов келгелі жағдай өзгеше. Ұстаздардан сан түрлі хаттар түседі, дейді. Айгүл Мақсатқызының мәлімдеуінше, өткен жылы 3892 еңбек заңнамасының бұзушылығы анықталса, соның 25-і біздің өңірімізде орын алған. 1983 ұсыныс жіберілген. Былтыр 40 педагог заңсыз жұмыстан қуылса, кәсіподақтың тікелей араласуымен қайта жұмысына кіріскен. 130 қызметкер заңсыз жұмыстан шығарылайын деп тұрған жерінен кәсіподақ араласып, олардың бәрі қызметтерінде қалған. – Бұл цифрларды мысалға келтіргенде, көбісі сенімсіздікпен қарайды. Өйткені, қоғамда кәсіподақ жұмысына сынмен қарайтындар, жағымсыз пікір айтатындар көп. Біз көптеген жұмыстар жасаймыз. Кәсіподақ басшыларынан педагогтардың еңбек құқын қорғау бойынша шынайы жасалған жұмысты сұрамаймын, талап етемін. Біз, кәсіподақ қашан да ұстаздарды қорғай алатынын дәлелдеуіміз қажет. Сала басшысы ретінде бізге қоңырау шалып, «Мектепте қалта кәсіподағы бар, ақшамыз мектептің қажетіне жұмсалады» деген сөздерді естіп қатты   ренжимін. Біздер үнемі тексерулер жүргіземіз, егер қандай да бастауыш кәсіподақ ұйымында жиналған қаражат белгілі мақсатқа жұмсалмаса, қатаң шаралар қабылдайтын боламыз. Кәсіподақ төлемдері тек оның мүшелерінің игілігіне жұмсалуы тиіс, – деді сала басшысы. Сондай-ақ жиында ұстаздар көкейдегі сауалдарын тікелей жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Жиын соңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының ұсынысы бойынша БҚО білім беру саласындағы  кәсіподақ қозғалысы мен кәсіподақтың дамуына зор үлес қосқан әлеуметтік  әріптестік  ретіндегі белсенді мекеме басшылары мен белсенді кәсіподақ төрағалары, кәсіподақ мүшелері мадақталды. Атап айтқанда, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен – Қазталов ауданы, Жаңажол орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Айзада Төлегенова, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен – Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, Ақжайық ауданы, Алмалы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Самал Дошанова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен – Ақжайық аудандық білім бөлімінің  бас есепшісінің орынбасары Саида Мырзағалиева, Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің директоры Әлихан Досмұхамбетов, Орталық комитеттің Құрмет грамотасымен – №50 «Заңғар» бөбекжайының директоры Нұрсұлу Ниярова, облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен – №25 «Снежинка» бөбекжайының тәрбиешісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсемгүл Сарбалина, №48 «Мұрагер» бөбекжайының тәрбиешісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Айжан Капиевалар марапатталды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

             

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
199 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
204 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
347 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
642 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
735 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
981 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1248 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1475 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1512 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1666 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1861 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2085 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2172 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2286 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2288 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»