8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 1446 0
Жалын

КӘСІП БАСТАҒАНДАР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Кәсіп бастауға ниеттенген өңір жастары әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға тегін қызметтер көрсетіп, өнімдерін тегін таратпақ. Бұл халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен «Zhas Project»  жастар корпусын дамыту жобасы аясында мүмкін болып отыр. Күні кеше Орал қаласы аумағында жұмысын бастаған төрт әлеуметтік жобаның тұсауы кесілді.

Жастардың идеясы мықты, жоспары сақадай-сай болғанмен, қаржы қолбайлау болса, бизнес әлеміне еркін ену мүмкін емес. Ал «Zhas Project» жобасы идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап, жеңімпаздарға 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. Негізгі мақсаты – жастарды қоғамға тарту, сондай-ақ қоғам игілігі жолында пайдалы қызмет әдістеріне оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

– Байқау көктемде жарияланып, облыс бойынша 700-ден астам топтық жоба комиссия қарауына ұсынылды. Нәтижесінде 200-дей ерекше жоба таңдалды. Олардың 58-і облыс орталығында іске асырылуда. Жеңімпаздар алты ай бойы қала және ауданда тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қызметі мен өнімдерін тегін көрсетіп, тегін таратады. Әлеуметтік жоба болғандықтан, негізгі талап – осы. Тегін жасаған қызметтері үшін жарты жыл ішінде топ мүшелеріне 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді,  – дейді төрт топтық жобаның менторы Аида Мектепқалиева.

Бастау алып отырған жобалардың бірі – «Абсолют» миниглинингтік компаниясы. Олар жұмсақ жиһазды, кілемдерді тазалау және үй-жайды дезинфекциялау қызметімен айналысатын болады. «Babymassage07» тобы тірек-қимыл аппарттары бұзылған балаларға тегін массаж жасап, «Bon bon’s» тобы кондитерлік өнімдер дайындаудан айына екі рет шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Айрықша жобалардың бірі – «Тегін сүт» жобасы. Оны төрт жас бірігіп бастаған.

–   Әзірге бір бұзаулы сиыр және тасымал үшін қажетті ыдыстар мен малдың жем-шөбін алып, өнім таратуды бастадық. Алдағы уақытта тағы бір сиыр алуымыз керек. Малымыз Ветелки ауылында. Күнара сиырды сауып, Орал қаласы әкімдігінен алынған тізім бойынша 20-30 отбасыға сүт пен қаймақ жеткізудеміз. Болашақта 100 отбасыға дейін қамту жоспарлануда, – дейді жоба авторларының бірі Мирас Ғайнуллин. Ол болашақта осы кәсіппен айналысып, таза өнімді сату дүкенін ашуды мақсат етіп отыр.

Мирас сынды өрендер Zhas Project-тің жастардың бизнес алаңда бақ сынауына үлкен мүмкіндік сыйлайтынына сенеді. Болашақ кәсіпкерлер қызметтерін «Арба» және «Бәйтерек» қоғамдық бірлестіктеріне көрсетуден бастады. «Бәйтеректің» балғындарына массаж жасап, «Арбаның» аруларына тәтті дайындаудың қыр-сырын үйретті.

Қос қоғамдық бірлдестіктің төрайымы Гүлмира Батпақұлова мен Меруерт Санқаева және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев жастардың жаңа жобаларына сәттілік тіледі.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
29 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
328 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
575 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
608 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
763 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
958 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1195 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1276 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1386 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1391 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1421 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1429 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1534 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1750 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2064 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1948 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2060 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»