8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қаңтар 2021 1931 0
Өзек

КӨШЕДЕ ҰРЫП-СОҒЫП, ТЕЛЕФОНЫ МЕН БӨРІГІН АЛЫП КЕТКЕН

Оралда күзетшілер көшеде өтіп бара жатқан азаматты тонады деген күдікке ілінген үш ер адамды ұстады. Олар қымбат телефон мен күзен бөрікті ұрлап кеткен. Оқиға ағымдағы жылдың 1 қаңтарында, кешкі сағат 20.30 шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті күзету күзеті қызметі кезінде патрульдік полиция бастығы сержант Аңсар Аманжолов, қатардағы жауынгерлер Акарыс Зикенов пен Нұрсұлтан Амангелді ПД тарапынан белгісіз үш адам Мұнай-газ және өнеркәсіптік технологиялар колледжі маңында бір азаматты ұрып-соғып, тонағаны туралы хабар алады. 

Көрсетілген маршрут бойынша үйлердің ауласындағы Л.Толстой көшесімен қозғалған ұландықтар бағдарда көрсетілген белгілерге ұқсас азиаттық үш ер адамды байқады. Өздеріне полиция формасын киген адамдардың жақындап келе жатқанын көріп, ер адамдар үйлердің арасынан жасырынбақ болып қашады. 

Алайда ұландардыңм шебер қырағы және шешімді әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Куәгерлердің қатысуымен жүргізілген денені тінту кезінде заттай айғақтар, ұрланған күзен бөрік пен ұялы телефон табылды. Қосымша тергеу үшін олар Орал қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленуші өзіне  күш қолданғандарды таныды және сарбаздарға қылмыскерлерді  жедел, кәсіби және уақтылы көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов жауынгерлік жасақ 5517 әскери бөлімі командирінің құқығымен қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті күзету және  қарақшыларды ұстау кезінде көрсеткен шеберліктері үшін көтермеленгенін жеткізді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»