КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫНДА ОРЫН АЛҒАН АПАТТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Оралдағы Шолохов көшесі бойында жер опырылып, өздігінен ағатын кәріз коллекторында апат орын алды. Оқиға кеше, 26 ақпа күні кешкі сағат 22.30-да болған.

«Батыс су арнасы » ЖШС директоры Қ.Имашевтің мәліметінше, қазір апаттық-қалпына келтіру бригадасы коллектордың солтүстік жағынан ағынды суларды уақытша қотару үшін мотопомпалар орнатқан. Бұл жердегі құдықтардың арасындағы қашықтық 75 м құрайды. Осыған ұқсас жағдай келесі аралықта да пайда болуда, мұнда құдықтар арасындағы қашықтық 120 м құрайды. Бұл жерде«Батыс су арнасы» ЖШС өз күшімен 2-ші мотопомпаны орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Жалпы проблемалық учаскенің қашықтығы 195 м құрап отыр.
Қазіргі уақытта «Батыс су арнасы» ЖШС тарапынан жұмыстар суды беруді тоқтатусыз Жерасты сутартқысынан жүргізілуде, алайда ағынды суларды бұру бойынша жүктемені азайту үшін қысымды төмендетті. Қаланың орталық бөлігі, сонымен бірге қаланың басқа да шағын аудандары қалыпты тәртіпте сумен қамтамасыз етілуде.
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде суды беруді тоқтатылған жағдайда жалпы саны 40 000 адамды құрайтын Қадыр Мырза Әли, Астана, Жаңа-Орда шағын аудандары, С.Датов көшесінен Ғ.Құрманғалиев көшесіне дейінгі бірнеше қабатты тұрғын үй құрылыстары сусыз қалады.
Дегенмен, аталмыш кәсіпорын әлеуметтік-мәдени мақсаттағы бірде-бір нысан сумен қамту мен суды бұрудан айырылмайтынын хабарлады. Сонымен қатар, Д.Қонаев, 4-ші шағын аудан, Солтүстік-Шығыс, Строитель шағын аудандарынан ағынды суларды бұру үшін 14-КСС, 16-КСС және 5-КСС-тан ағынды суларды бұруды Чагано-Набережная көшесі бойынша орналасқан бас КСС-қа қайта қосу жүзеге асырылды.

Айта кетейік, дәлі осы Шолохов көшесі бойындағы кәріз коллекторында бұған 2018 жылдың сәуірінде апат болған еді. Аталған коллектор 2009 жылы пайдалануға берілген. БҚО құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Орион Строй Сервис» ЖШС мердігерлік компаниясы шыныпластиктен диаметрі 1000 мм-лік құбыр салған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу