8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2019 2492 0
Қоғам

КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗДЕГЕНІ – ЖАҢА КӨПІР

               Орал қаласының орталық бөлігін «Шаған» өзені арқылы кесіп өтіп, жаңа «Ақжайық» шағынауданымен байланыстыратын көпір салу мәселесі халық арасында екіжақты пікір тудырғаны мәлім.  Бүгінде халқының саны 60 мыңнан асқан Зашаған кенті мен күн санап тұрғындары көбейіп келе жатқан Деркөл тұрғындары қалаға қатынау үшін көпірдің аса қажет екенін айтса, қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында тұратын тұрғындар көпір тұрғызу қала экологиясына зиян деген пікірлерін білдіруде. Әйтсе де, бүгін үшінші мәрте өткізілген қоғамдық тыңдауда тұрғындардың басым бөлігі жаңа көпірдің салынуы қажет деген байламға тоқталып, бұл жобаның тиімділігін жарыса жеткізді. Қаладағы жоғары аграрлық техникалық колледжінің мәжіліс залында өткен қоғамдық тыңдауда аталмыш жобаның жетекшісі  «Алматыдорстрой»  жобалау ұйымының өкілі Захар Павлушин көпір құрылысының сызбасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, көпшіліктің  көкейіндегі күпті ойды сейілтті.  

                    Оның айтуынша, жаңа жобаға сай көпір құрылысы мәдениет және демалыс саябағынан қашық орналасқан және жасыл-желектер толықтай жойылмайды. Жабайы 700-дей тал-терек кесілгенімен, орнына жас теректер отырғызылады. Ал қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаевтың мәлімдеуінше, бұл мәселе қоғамдық кеңестің отырысында бүге-шігесіне дейін талқыланған.

– Көпірдің салынуына тек қаланың орталық бөлігінде тұратын бірлі-жарым тұрғындар ғана қарсылық білдірді. Ал Зашаған, Деркөл ауылдарында тұратын халықтың пікірімен санассақ, таңғы және кешкі мезгілде көлік кептелісі болмасы үшін жаңа көпір салынуы тиіс. Аталған аудандарда халық саны 80 мыңнан асты. Сол себепті олардың ойымен санасуымыз керек, – дейді Бақытжан Нұрбаев. Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов қалада тұратындар кент тұрғындарының жай-күйін түсінбейтінін тілге тиек етіп, дамып келе жатқан шағынауданмен екі аралықты жалғайтын көпір керек екенін алға тартты. Жиында Зашаған кентіне қарасты Брусиловский көшесінің Аслан есімді тұрғыны күн сайын қалаға жұмысқа кептелісте тұрып, титықтап қатынайтынын айтып, көпір салуға кедергі болғандарға ренішін білдірді. – 2000-шы жылдан бері Зашағанда тұрамын. Алғашқы жылдары бұл аудан құлазыған орманды алқап болды.Міне, 19 жылдан бері көз алдымызда иен даладан келбеті келіскен, дамыған ауданға айналды. Күн сайын ала таңнан қаланың 4-ші шағынауданына жұмысқа келемін. Қызым да қалада оқиды. Кептеліске ілікпеу үшін бозала таңда шығамыз үйден. Бізді орталықта тұратындар қайдан түсінсін, – деп налыды ол. Ауылдасының пікірін қоштаушылар көп болды бұл жиында. Бірі кенттегі Азербайжанский көшесінің өзінде кептеліс орын алатынын, халық саны күн санып көбейіп жатқанын айтып: «Көпір сіздерге керек болмағанымен, бізге қажет» деп дабыл қақса, енді бір тұрғын «Онда қарсылық танытқандар Зашағанға көшіңдер. Сонда көпір қажеттігін сезінесіңдер. Біздер қалаға жақындайық» деп ауылдастарының жанайқайын жеткізді. Осылайша әр тарап өз пікірлерін ортаға салып тарқасты. Айта кету керек, Шаған өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жоба құны шамамен 11 млрд. теңгені құрайды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
135 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
168 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
179 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
191 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
267 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
263 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
270 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
355 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
608 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
799 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
930 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
940 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1015 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1417 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1435 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1512 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1599 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1806 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1804 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»