8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2019 2406 0
Қоғам

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Орал қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың төрағалығымен Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Басқосуда көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.

Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларды ұсынды. Жаңа әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Дәулетжанов атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына толығырақ тоқталды.

– Ұсынылған шаралар көпбалалы отбасылар үшін АӘК көлемін 40  пайызға ұлғайтады. Жәрдемақы алушылар да 571 мыңнан 830 мыңға дейін көбеймек. Жұмыс «Е-халық» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың күтімімен отырған жүздеген азаматтың жәрдемақысы 31,1 мыңнан 41,6  мыңға дейін артады. Толық емес көпбалалы отбасы үшін үй жағдайында жұмыс жасауға жағдай туғызу, ауылдағы көпбалалы отбасы үшін – гранттар мен шағын несие бөлу ұсынылды. Яғни, ауылдағы көпбалалы отбасылар жаңа бизнес-жоспары үшін 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алуына мүмкіндігі бар. Биыл 14 мың шағын несие беріледі. Оның 5 мыңы – кәсіп бастауға ниет танытқан көпбалалы аналар мен мүгедек жандарға ұсынылады, – деген Мұхтар Серікұлы тұрғын-үймен қамту, жалақыны көтеру – партияның назарында екенін атап өтті.

Қалалық мәслихат депутаты Әлия Сәлиева сынып жетекшілердің аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларымен тіл табысуы және сол балалардың ортаға бейімделуіне көмек көрсетілуіне басымдық берді. Депутат атап өткендей, осы санаттағы балалармен жұмыстанатын әлеуметтік педагогтар кейбір мектептерде жоқ немесе өз міндетін толық біле бермейді. Ал жас сынып жетекшілердің көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларын ортаға бейімдеуде тәжірибесі жеткіліксіз болатыны жасырын емес.

–  Көп балалы отбасыларда материалдық қажеттілік, толыққанды азық-түлікпен, киіммен, тұрғын-үймен қамту, денсаулық жағдайы – негізгі мәселелердің бірі болып қалуда. Оған қоса ажырасу да көбейіп тұр. Тәрбиедегі мәселелер және бар, – деген Әлия Өтемісқызы аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының тәрбиесіне келгенде әлеуметтік қызметкер мен сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс жасауы маңызды екенін айтып, сәйкесінше, ұсыныстарын ортаға салды.

Бүгінде қаладағы орта мектептерде 46 556 оқушы білім алуда. 2676-сы аз қамтылған отбасылардан. Олар ыстық тамақпен қамтылып отыр. Биыл жалпы білім беру қорынан 39 млн. теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек алуға жұмсалмақ. Осы санаттағы балаларға ыстық тамақты ұйымдастыруға 77 млн. теңге бөлінген. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың мәліметінше, 10 немесе одан көп уақыт себепсіз сабақ жіберген оқушылар әр ай сайын есепке алынады. Білім беру ұйымдарында 300-дей үйірме бар. Оған «тәуекел» топтағы балалардың қатысуы қадағаланады. Сондай-ақ көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларын қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің әр түрлі аудандарда орналасқан аула клубтарына тарту жұмыстары белсенді ұйымдастырылуда.

Басқосуда комиссия төрағасы Бақытжан Хаберұлы аз қамтылған отбасылардың тұрғын-үймен қамтылуына назар аударды. Жыл сайын қала бойынша салынатын тұрғын үйлердегі пәтерлер кезекке алынған 13 санатқа тең бөлінеді. Бүгінде 19 132 тұрғын кезекте тұр. Қазір көп балалы және мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелетке толмаған толық емес отбасыларға Тұрғын үй жинақ банкі арқылы 10 пайыздық жарна төлеп, жылдық 2 пайызбен несие беру жайы қарастырылуда. Бекітілсе, мыңдаған жанұяның баспана бабын шешуіне сеп болары анық. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аясындағы жұмыстар да комиссия мүшелерінің қаперіне ұсынылды. Бүгінде 1512 отбасы жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесін алған. Олардың 661-і аз қамтылған отбасылар. Орталық директорының орынбасары Қырмызы Айтқалиеваның мәліметінше, құжаттарды қабылдау басталған бес күн ішінде 614 отбасының өтінімі қабылданған.

Комиссия мүшелері «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің жағдайына назар аударуды және мектептердегі асхана жұмысының ұйымдастырылуы мен аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру және басқа да мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
154 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
318 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
356 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
630 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
643 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
768 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1073 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1162 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1190 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1402 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1672 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1897 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1936 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2083 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2282 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»