8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

29 Қараша 2019 200 0
Қоғам

«Күннен қуат алатын көліктер университеттің визиттік картасына айналды»

Қарашаның 15-і күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жалпы сессиясы өткен болатын. Жиында ҚР ҰИА Президенті Бақытжан Жұмағұлов соңғы уақытта ел ішінде орын алған өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталып, болашақ міндеттерді саралады. ҚР ҰИА-ның 2018-2019 жылдары атқарылған жұмыстарын қорытындылап, қазіргі таңдағы ғылым нәтижесін іске асырудың, оны өндіріспен, бизнеспен тиімді ықпалдастырудың, нарықтың болашақ технологиялық талаптарын қанағаттандыру принципінде жаңа деңгейге көшудің міндеттеріне тоқталды. Мысал ретінде жоғары оқу орындарының ішінен Орал қаласындағы  Қазақстан  инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер  университетінің игі жұмыстарын атап айтты.  Батыс Қазақстан облысындағы «ҚазИИТУ» университеті жалпы еліміздегі ІТ технология-сы саласын тереңдетіп оқытатын бірден-бір оқу орны. Инновациялық және телекоммуникациялық жүйе – өте күрделі сала. Бұл саланың шетелде жоғары қарқынмен дамып жатқаны белгілі. Шетелде техникалық және басқа да инновациялық құралдардың сан алуан түрі көптеп шығарылатыны сондай, кейбірінен тіптен бейхабармыз. Ал «ҚазИИТУ» студенттері болса, уақытылы біліп қана қоймайды, көпшілігін өздері де ойластырып жасайды. Осы орайда аталмыш оқу орнының құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, БҚО мәслихатының депутаты Ақсерік Сарыұлы Әйтімовпен сұқбаттасқан едік.

– Ақсерік Сарыұлы, жақында ғана ҚР ҰИА-ның жалпы сессиясына қатысып қайттыңыз. Ұлттық инженерлік академия жылды қалай қорытындылады? Жиында нендей мәселелер көтерілді?

–  ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мемлекетке, отандық бизнеске технологиялық жаңалықтар енгізу мақсатында алғаш рет елімізде алдыңғы қатарлы ғалымдар мен өз ісінің кәнігі мамандарының басын біріктірді. Әлем бойынша академияның демократиялық қоғам жағдайында тиімді қызмет етуде өзіндік мәртебесі бар.  Ал басты мақсаты – ғылым мен тәжірибе арасындағы көпірді жалғап, өндіріске ғылыми жетістіктерді енгізу мен әзірлеуге жүйелі әрекет ету. Академия инженерлерді қолдау, олардың шығармашылығын ынталандыру тетіктерін іздейді. Осы орайда төртінші жыл қатарынан  «Жылдың үздік инженері» байқауы өткізіліп келеді. Ел экономикасының қажеттілігіне байланысты ағымдағы жылы «Инновациялық технологиялар және агроөнеркәсіп кешені» атты жаңа бөлімше ашылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, ауылшаруашылығы біздің негізгі ресурсымыз, бірақ бұл саланы мүмкіндігінше толық пайдалана алмай келеміз. Академия жыл сайын бірнеше мәрте халықаралық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп келеді. ҚР Ұлттық инженерлік академия ғылымының вице-президенті Темірхан Досмұхамедовтің «Мал шаруашылығын дамытудың жаңа инновациялық жетістіктері» тақырыбындағы жұмысы биыл Мемлекеттік сыйақыға ұсынылды. Жалпы сессия отырысында ҚР ҰИА Президенті Бақытжан Жұмағұлов, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі Нәдір Надиров, ғалым-зерттеуші Абылхайыр Абжали «Мұнай шикізатының төмен температуралы вакуумдық-толқындық гидроконверсиясы құбылысы» атты ғылыми жаңалық ашқаны үшін Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының Халықаралық академиясының дипломдарын табыс етті. Мұнай өңдеу саласындағы қазақстандық ғалымдардың бұл ғылыми жаңалығы жоғары сапалы отын өндіруді бірнеше есе арзандатып, өнімнің шығуын бастапқы массадан орта есеппен төрт пайызға жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Жиынның күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – ҚР ҰИА вице-президентін, академияның толық мүшелерін және корреспондент-мүшелерін сайлау өтті. Жасырын дауыс беру нәтижелеріне орай, ҚР ҰИА вице-президенті болып Н.Темірбеков сайланды. «Интеграция» халықаралық қорының Басқарма төрағасы Сергей Терещенко ҚР ҰИА «Құрметті академигі» атағына ие болды. Сонымен қатар, ҚР ҰИА Конкурстық комиссия төрағасы А.Құлыбаев академия құрамына сайланған жаңа төрт толық мүшелерін (академиктерді), 22 корреспондент-мүшесін жариялады. Сондай-ақ, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин ҚР ҰИА Президенті, академик Б.Жұмағұловты, ҚР ҰИА конкурстык комиссия төрағасы, академик А.Құлыбаевты, ҚР ҰИА бірінші вице-президенті, академик Н.Надировты «Қазақстанның мұнайына 120 жыл» медалімен марапаттады. ҚР ҰИА Президенті Б.Жұмағұлов ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполовқа «Инженерлік даңқ», ҚР ҰИА Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы Жұмахан Мырхалықовқа «Қазақстанның құрметті инженері» медальдерін табыстады. Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысынан «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Қуат Мусин ҚР ҰИА кореспендент мүшесі болып сайланды.

– Осы жиында ҚР ҰИА Президенті Бақытжан Жұмағұлов өзіңіз басшылық ететін Қазақстан  инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер  университетінде атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Осы бағыттағы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде нақты атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.

– Республика бойынша ҚР Ұлттық инженерлік академиясының  13 филиалы ғылым мен техниканың әр түрлі бағыттары бойынша маңызды нәтижелер көрсетуде. Соның ішінде ҚазИИТУ базасы жанынан құрылған ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалы ғалымдардың ғылыми-техникалық және инженерлік әзірлемелерін өнеркәсіпте жүзеге асыруды көздейді. Филиал төрағасы ретінде еліміздің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға басымдық беремін. Осы тұрғыда негізгі мақсат – жоғары технологиялық өндіріске инженерлік-техникалық мамандар мен менеджерлер дайындау. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті 23-тен аса жоғары білім бағдарламасы, үш магистрлік мамандықтар бойынша  техникалық, заңгерлік, экономикалық мамандар даярлайтын Батыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы ғылыми-білім орталығы.  Университет  ІТ-технологиясы, құрылыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, экология, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика және қаржы, менеджмент, маркетинг мамандарын дайындайды. ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалы мүшелері негізінен осы университеттің профессорлары мен доценттері. Олар өңіріміздің басты бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге белсенді атсалысып келеді. Зерттеу нәтижелері өндіріске, оқу үдерісіне енгізілген. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті бүгінде интеграциялық өзара іс-қимылға қол жеткізді. Университет шетелдік және Ресейдің алдыңғы қатарлы  жоғары оқу орындарымен   интеграциялық жұмыстар жүргізіп, 37 келісімшарт бекітілді.  Соның ішінде, «Дубна» халықаралық университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байланыс нығайды. Аталмыш бағдарлама «Болашақ» бағдарламасының аналогы іспетті. «Дубна» университетінде еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген студенттер мен магистранттар саны 57-ге жетті.

– Бүгінде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде студенттердің күшімен гелиоэлектромобилдердің жаңа құрастырылымдарының түрлі нұсқалары бар. Сондай-ақ күн сәулесінен қуат алатын өзге де көлік түрлері университеттің визиттік картасына айналды. Бәрінен бұрын  олар студенттер мен магистранттар  үшін сапасына сын айтылмас  техникалық база.  Ғылыми-кешен оралдықтарды тағы қандай жаңалықтарымен таң қалдырмақ?

–   Қазіргі таңда технопаркте сыйымдылығы 700 келіге дейінгі жеңіл су көліктеріне негізгі қуат көзі ретінде күн энергиясын қолдану бойынша жұмыстар жалғасуда. Ғалымдар ресейлік серіктестерімен бірге оқулықтар мен ғылыми монографиялар шығару жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалы ғалымдары халықаралық, республикалық конференциялар мен семинар жұмыстарына белсенді қатысады. Жыл сайын университетте Болгария, Германия, Ресей, өзге де алыс-жақын шет елдер  ғалымдарының қатысуымен бірлескен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфер енциялар үздіксіз өтіп келеді. Биылғы жылы өңірімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде цифрлық экожүйені дамыту бойынша жеке инвестиция есебінен «ІТ-НUB» алаңы іске қосылды. «ІТ-НUB» шағын индустриалды аймақ форматында үміткерлерге өз аумағына тіркелуге, Коворкинг аймағын қолдануға, мемлекеттік қолдаулар бойынша кеңестер алуға мүмкіндік береді, Жоба БҚО ІТ Ассоциациясы, «Орал» АӘК және БҚО ақпараттандыру басқармасымен бірлесе жүзеге асырылды. Биыл ҚазИИТУ-да ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалы мүшелерімен бірге жүлде қоры бір миллион теңгені құрайтын «STARTUP KAZIITU – 2019» инновациялық жобалар конкурсы өтті. Байқау нәтижесінде студенттер мен қала мектептерінің оқушылары 13 аталым бойынша марапатталды. Сондай-ақ жыл сайын оқу орнында өтетін «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO – 2019» студенттік кәсіпкерлік халықаралық кубогіне биыл Қазақстанның 50 жоғары оқу орнынан 1000-нан аса студент қатысты. ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалы жанынан талантты жастарды жан-жақты қолдау мақсатында «Жастар қанаты» құрылды. Күні бүгінде Елбасының жыл сайынғы  Жолдауы негізінде «STEM» бағыты арқылы робототехникалар,  оқыту жүйесіне ІТ технологиясын енгізу жолға қойылды.  «STEM» платформасының негізгі мақсаты – оқытушылар мен студенттерді жеңіл және қолжетімді оқыту, яғни әр сабақ оқушылардың қызығушылығын оятатын бейне, инфографика, таныстырылымдық материалдармен жабдықталады. Қазіргі таңда платформа бойынша өңіріміздің 15 оқу орны білім беруде, алдағы уақытта 50 оқу орнында ашу көзделіп отыр.   «ҚазИИТУ» студенттерінің жаңалыққа, жаңашылдыққа, қолдан жаңа дүние құрауға бейімділігінің өз заңдылығы бар. Өйткені, студенттерді әлемдегі озық құрылғылармен үнемі дер кезінде хабардар қылып отыруға тырысамыз. Шетелден әлдебір жаңа нәрсе алып келсек, оны міндетті түрде алдымен студенттеріне көрсетеміз. Құрылымы мен ерекшелігі жайлы ерінбей-жалықпай әңгімелеп беремін. Кез келген жақсы, жаңа нәрсе, инновациялық ойдың жемісі, өзгелердің санасына да сәуле түсіреді. Әсіресе, жастардың ой-санасы жүйрік қой. Тек оларды дұрыс арнаға бағыттай білу керек. Мен жаңа дүниелер көрсету арқылы олардың назарын озық технологияларға аударамын. Ойларына ой, қиялдарына қиял қосылады. Осы салада оқып жүрген соң, өздері жаңа идея тауып, соның жүзеге асыру үшін зерттеулер жүргізе бастайды. Сөйтіп, өздері даму жолына қалай түскенін байқамай қалады. ІТ технология деген – құпиясы таусылмайтын керемет әлем ғой. Біз жастарымызға осылай серпін беріп отырсақ, олар күні ертең бізді әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің көш басына шығарады. Тек олардың дамуына мүмкіндік жасай алсақ болғаны.

Сұқбаттасқан Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ИЕЛЕРІН ТАПТЫ
13 Желтоқсан 2019
44 0
Қоғам
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
13 Желтоқсан 2019
20 0
Өзек
ҮШ КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТКЕН
12 Желтоқсан 2019
50 0
Өзек
ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТЕН ҚАМАУҒА ӘКЕТТІ
10 Желтоқсан 2019
205 0
Өзек
ҮШ ЖАСӨСПІРІМ ӨЗ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ
10 Желтоқсан 2019
291 0
Қалалықтар қаперіне
340 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ЖАҢА ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ
09 Желтоқсан 2019
69 0
Қоғам
КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗДЕГЕНІ – ЖАҢА КӨПІР
06 Желтоқсан 2019
404 0
Қалалықтар қаперіне
ЭЛЕКТРОНДЫ АСХАНА
06 Желтоқсан 2019
87 0
Өзек
ӘКІМДЕР ҚОНАҚ КҮТУДЕН ШАРШАДЫ
06 Желтоқсан 2019
131 0
Қоғам
АЛҒАШҚЫ МҰЗ ҚАУІПТІ!
06 Желтоқсан 2019
29 0
Қоғам
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА АЛДАНБАҢЫЗ!
06 Желтоқсан 2019
103 0
Қалалықтар қаперіне
ЕЛ ТІРЕГІ-2019: ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫҢЫЗДЫ ӨТЕҢІЗ
05 Желтоқсан 2019
70 0
Қоғам
РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУГЕ БАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ
04 Желтоқсан 2019
132 0
Қалалықтар қаперіне
ДИМАШҚА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!
04 Желтоқсан 2019
133 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»