КҮН ҰЗАҚ, СУ СУЫҚ БОЛАДЫ
2 тамыз күні православиелік діндарлар Ильин күнін тойлайды. Бұл күні сенушілер киелі Илья пайғамбарды еске алады. Оны найзағайдың, жаңбырдың және көктегі оттың билеушісі деп атаған. Бұл қасиетті христиандықтар ғана емес, мұсылмандар мен иудейлер де құрметтейді. Барлық діни дәстүрлерде оның функциялары мен қабілеттері ұқсас.

Ежелгі нанымдарға сәйкес 2 тамызда жазғы жылу аяқталады және Илья өзендер мен теңіздердегі суды салқындатады. Сондықтан осы күннен бастап табиғи су айдындарында шомылуға тыйым салынады. Осы күннен бастап табиғатта күздің алғашқы белгілері және аңдар мен құстардың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады, ауа райы өзгереді. Осы дәстүрді оралдықтар да ұстанған. Үлкендер балаларды Ильин күнінен кейін өзендерде шомылуға болмайды деп үйреткен. Себебі өзендердегі су өте суық болады. Түн суық болып, су айдындарындағы су бір күннің ішінде жылынып үлгермейді.
Құтқарушылар ауа температурасы 23-25 градус болғанда температурасы 10-14 градус суық суға батқан кезде, тіпті сап-сау адамның өзі суық тиюді сезетінін, кеуде клеткасы қысылып қалғандай қозғалтпай, тыныс алу қиындайтынын ескертеді. Жүйке рецепторлары суықтан тітіркенгендіктен, күшті тізбекті реакция болады. Ең алдымен, вегето-тамырлы тонус, жүрек ырғағы өзгереді, ол кез келген сәтте жүрек соғысының тоқтауына әкелуі мүмкін. Жүрек жүктемесінен басқа, салқын суға батыру тірек-қимыл аппаратының, зәр шығару жүйесінің, ағзалардың оториноларингологиялық ауруларының асқынуына әкелуі мүмкін. Өте суық суда шомылу, әсіресе ауа температурасы бір мезгілде жоғары болғанда, құрысудың пайда болуына әкелуі мүмкін. Селкілдек ұстамалар көбінесе судағы жазатайым оқиғалардың себебі болып жатады, себебі тарылу (жиырылу) кезінде адам денесін игере алмайды. Сондықтан құтқарушылар 17-19 температурадан аспайтын суда шомылмауға кеңес береді.
Судағы қарапайым ережелерді орындау – әр адамның қауіпсіздігінің кепілі. Барлық қауіпті орындар тиісті белгілермен белгіленген, тек жайлы жағажайларда ғана қауіпсіз шомылуды есте сақтау қажет, ал суда демалуды құтқару станциялары мен бекеттерінің қызметкерлері күзетеді. Алысқа жүзіп өз күшіңізді есептемеуіңіз мүмкін. Сол себепті шаршағаныңызды сезінсеңіз абыржымаңыз және жағаға дейін жылдам жүзуге тырыспаңыз. Арқаға бұрылып, суда аяқ-қолыңызбен жеңіл қозғалысты ұстап тұрып суда демалу керек. Егер судың бұрылатын жеріне тап болсаңыз, өкпеңізге ауаны көбірек толтырып, суға батыңыз да, жағаға қарай қатты серпіліс жасап, қалқып шығыңыз. Егер ағыс бой бермесе, онымен күресуге тырыспаңыз. Ағыс бойымен төмен жүзіп, біртіндеп шағын бұрышпен жағаға жақындаңыз.
Ешқашан арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секірмеңіз: бастарыңызды судың түбіне, тасқа немесе басқа затқа соғуға, есін оңай жоғалтуға, өзіне жарақат алуға, өлімге әкелуі мүмкін. Үрлемелі матрацтарда, автомобиль камераларында және үрлемелі жастықтарда жүзбеңіз. Жел немесе ағыс оларды жағалаудан алыс, ал судың толқыны ұшырып жіберуі мүмкін. Егер олардың ішіндегі ауа шығып кетсе, олар жүзбей қалады.
Судың температурасы 17-19°- тан төмен болмауы тиіс. Суда 20 минуттан артық болмау керек. Сонымен қатар, суда болу уақыты біртіндеп 3-5 минутқа артуы тиіс. Ең дұрысы 15-20 минуттан бірнеше рет суға түсу, салқындық кезінде тырысулар болуы мүмкін, тыныс алу тоқтауы және есінен танып қалуы мүмкін. Суда салқындау кезінде бұлшықеттердің тарылуы (жиырылуы) жүректің тоқтауына әкеліп соқтыратындықтан, күнге ұзақ уақыт болған соң суға түсуге немесе секіруге болмайды.
Алкогольді мас күйінде суға кіруге болмайды, себебі спиртті сұйықтық бас миының тамырына тарайтын және қан тамырларын кеңейтетін орталықты тежейді.
Есіңізге сақтаңыз! Әрқашанда су айдындарында шомылу барысында қарапайым қауіпсіздік ержелерін сақтаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.
Л.Абдрахманова, БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу