8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2022 1529 0
Оқиға

Көлік ұрланды

IMG_9829

Оралдық он сегіз жасар тұрғын «ВАЗ-2106″ автокөлігін айдап әкетіп, иесіне 400 мың теңге көлемінде залал келтірді. Көлікті заңды иесіне қайтару үшін полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлап кеткен азаматты қала сыртына дейін қуып, қолға түсірді.
Оқиға 7 қазан күні түнде болған еді. Автокөлік иесі Жүнісов көшесіндегі үйінің ауласына көлігін қойыпты. Біреу ұрлайды деп ойламапты. Хабарлама түскен бойда көшедегі бейнебақылау камералары арқылы көлік ұрлаушы тез табылды. Бірақ, ол полицияға бағынбай, қаша жөнелді. Ол ұрлаған көлігін бергісі келмей жоғары жылдамдықпен жол қозғалысының ережелерін бұзып,» Ақжайық» шипажайына қарай бет алды. Дәл осы тұста екі патрульдік полиция қызметкері оны ұстады.
Істің мән-жайын анықтау барысында жас жігіттің бұрын істі болғандығы, нарколог дәрігердің қортындысымен уытқұмарлық мас күйінде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырылды, айыппұлдардың жалпы сомасы 237 382 теңгені құрап отыр. Және 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы (айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұрланға көлік арнайы автотұраққа қойылды. Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»