8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2020 1489 0
Қоғам

КӨКТЕМ-2020: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2020 жылдың 25 ақпанында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеевтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыс барысында басты тақырыпта «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу жаттығуларын өткізу мәселесі және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі пысықталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 2020 жылдың 25-26 ақпан аралығында «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу жаттығулары өткізілуде. Оқу-жаттығуларға облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері қатысуда.

Оқу-жаттығуға Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының ТЖМ өкілдері шақырылды. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары және азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары жөніндегі ережелер түзетілді. Оқу-жаттығу тақырыбы бойынша авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының, азаматтық қорғау қызметтерінің бөлімшелері авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізудің тәжірибелік іс-қимылдарының ұтыс ойынын өткізу бойынша оқу орындарында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізді.

Жергілікті атқарушы органдардың дайындығын тексеру үшін республикалық штаб делдалы подполковник Абдыкадыров Бекболат Қайырбекұлы Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Ақжайық және Қазталов аудандарына барып тексерді.

Отырыс соңында комиссия төрағасы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарының басшыларын «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу жаттығуларын өткізуге жауапкершілікпен қарауға шақырды және су тасқыны кезіндегі басты міндет – су тасқынын апатсыз өткізу және су қоймаларына қажетті мөлшерде су жинау екенін еске салды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»