8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2022 1592 0
Еске алу

Көк аспанға көз салып бара жатқандай…

Есімі елге танымал Темір Құсайынды кімге таныстырайын.  «Темір Құсайын» деген қолтаңба ел газеті «Егемен Қазақстанда» мәңгілікке қалған! Отыз жыл бойы батыстың атынан меншікті тілші болып, журналистиканың қара нарына айналған арда азаматтың әруағы биікке самғап, жұмақта жаны желпініп жүргей… Қамшының сабындай қысқа ғұмырында күллі оқырманға рухани дүниелер қалдырып үлгерген Темір ағамыздың есімі ел есінен шыға қоймас!

Жапырақтар сарғайып жерге сусып түскен дәл осындай құбылмалы қоңыр күзде Ақ Жайығы Темкеңінен айырылып,аза тұтты.  Алты Алашы «Қош енді қош бол, қоңыр күз»  әнін айтқандай күңіреніп, Темкеңді  қойны толмас қара жерге тапсырды. Бүгінде  аяулы ағамызды сағынышпен еске алып, тұяғы Қуанышты көргенде аласұрған көңілге басу айтамыз. Темкеңді соңғы сапарға  шығарып салғанда қаумалаған халықтан, сосын қалалық бейітке көш түзеген көліктен көз талған.  Осыдан-ақ, қолына қаламнан басқа байлық жимаған қарапайым журналистің беделін білерміз!Маңдайына Жазмыш жазған  азғантай  өмірдің  сағаттарын  текке өткізбегенін көрерміз!   Ол қазір Құдай қосқан қосағы Қоңырша апайдың дәл қасында. Тыныштықтың мәңгілік мекенінде. Қос жүректің бейіті бірге екенін естігенімде сол бір кез көз алдыма келді. Түсауа  қонақтықтан шығып, шүйіркелесіп тұр едік. Қасымызға Темақаң жетіп келіп:

-Қоңырша, сен, үйге бара бер. Қуаныш күтіп қалған болар.  Мені қазір келеді де,- деп асығыс бұрылды.

-Е, тағы қайда кеттің? Жә, мейлің! Келмей қайда барасың? Бәрібір менің артымнан келесің ғой, – деп  апам бұрқ етті.  Арада жылдар өтті. Құстай самғап апай кетті. Өмір-өзен екеуін о дүниеде де тоғыстырды.  «Қозы Көрпеш –Баяндай» бір молада бастарын түйістірді. Қайтадан қауыштырды. Марқұм Қоңырша апамның сол кездегі «бір ауыз сөзі»періштенің құлағына шалынғандай. Темақаң әдемі дүниелерден ләззат алатын, найзағайдай жарқ-жұрқ еткен жаратылысы бөлек  еді.  Кейде Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Шашубай сері  секілді аңызға айналған өнер тарландарындай көңілі шалқып жүретін. Осы тұста  ақын Ғайсағали Сейтақтың «Темірге» деген өлеңінен:

Қызығы жас дәуреннің басылмастан,

Күндер-ай, кіл жайсанның басын қосқан!

Алпыстан асқан шақта кім ойлаған

Айырылып қаламыз деп асыл достан?!

Секілді өмір-базар жаңа қызған,

Жоқ деген суық сөзден сана мұздар.

Аңқылдап келдің-дағы дүниеге,

Жарқылдап кете бардың арамыздан, – деген жыр шумақтары ойға оралады.

  Ол «Сегіз қырлы-бір сырлы» еді. Біздің редакциямыз қалалық әкімдіктің ғимаратында  болғанда салып айдап жиі келетін. Төртінші қабатқа ілезде көтеріліп, зырғып түсетін. Жалындап, лапылдап жүретін. «Қыздарым, амансыңдар ма? Қалай, жазып жатырсыңдар ма? Шабыттарың  тұлпардай шауып тұр ма?»  деп  айтып, өзі  әлденеге сақ-сақ  күлетін. Құр қол келмейтін. Бірде блокнот, қалам, кітап әкелетін. Жарықтық, мәрт еді ғой. «Жайық үніндегі» тілшілерге мақала жазудың мәнісін, қыр-сырын айта жүретін. Біздіңұжымға деген ілтипаты мен сыйластығы ерекше еді.  Редакция бөлмесіне асығыс кіріп келгенде бәріміз жадырап қарсы алатынбыз. Бір жағынан мысы басатын.   Бірде Темір аға   бізге  келмей кетті. Кейін облыстық ауруханаға түсіп қалғанын естідік. Әріптесім Айнагүл Сәбиева екеуміз қалің сұрауға алып-ұштық. Бізді көріп  көңілі толқыған Темақаң: «Қарындастарым, денсаулықты күтіңдер. Жазу жүйкеге салмақ салып,  көртышқандай кеміріп тастайды екен. Күндіз мақала іздеп,  кеште үйге келіп қағазға түсіріп, ертеңгі газетке  үлгертем деп жүріп, қан қысымыма мән бермеппін.  Сақтанбай болмайды екен!» деп басын шайқады.  Иә, жанын жеп еңбек еткен меншікті тілшінің  күн құрғатпай  баспаханадан шығатын «Егемен Қазақстанға» етжеңді мақалалары көлдей болып басылатын. Газеттің жаңа санын  қолына ұстап, кеудесін қуаныш кернейтін ол  шыдай алмай, «Бүгінгі нөмерді оқыдың ба? Пікірің керек еді?» деп телефон соғатын. Қайнаған тірліктің қауырсын сауытын үстіне киіп алып ертеңнен қара кешке дейін  Оралдың көшесін жаяу шарлап, мекемелерді аралайтын. Үлкен жиындарға басылым атаулының ақ  туын желбірете ұстағандай желпініп, алқынып жететін.  Ешкімге  жалтақтамай,  ойын  кесек  турайтын.

Ағамыз өмірден өткенше  кісілік келбетінен еш айнымады. «Асыл адам айнымас. Айтқан серттен қайырылмас!» дегендей, ана тілдің, ұлттық рухтың намысын қайраған, жүрегі кең, көңілі ашық жанды елі «Ақ мылтық журналист» деп атап кетті. Оның еңбегін Ғарифолла Көшенов, Мәжит Қайырғалиев, Ғарифолла Әнес,  Мақсат Тәж – Мұрат, Ертай Ашықбай секілді көптеген қаламгерлер, ғалымдар  жоғары бағалады.  Үлкенге ізетті, кішіге мейірімді, адамға  сенгіш, қара ниеттен ада   Темкеңнің орны  Ақ Жайықта ойсырап тұр! Бұл шындыққа халқым қосылар.

Иә, Темір  ағам кейде  есікті айқара ашып кіріп келетіндей,  не жазып жүрсің, газетің шығып жатырма деп сұрайтындай елегзимін. Жақсы жанды Жайығымнан көп іздеймін. Айналама  ойлана қарап, ала-құла  мына заманда Темкеңдей қайырымды, кісілік келбеті айдын көлдей айқын, арда  азаматтардың  азайып бара жатқанына, кейбір балағыұзындардың   ұсақталып кеткеніне қыңжыламын.    Көкірегі  рухани  байлыққа  толы, даусы қаздай саңқылдап, жүрегі жарқылдап жүретін Темкеңнің қайтып оралмайтынынасенбеймін. Күзде құстармен бірге қиқулап  алысқа  ұзаған  ағаның бейнесі  көз алдыма келгенде  кең  иығын  Күнге   тосып, желмен желбіреген   шашын шалқасынан қайырып, басын тік көтеріп көк аспанға қиялмен  көзін салып, бір жаққа  асығып  бара жатқандай болады.  «Тірілермен-тірімін» деген осы-ау?…

                                                                                                                                    Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

                                                     

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
211 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
404 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
403 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
856 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
924 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
942 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
962 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
985 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1354 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1478 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1509 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1784 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1796 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1924 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2217 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2316 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»