8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қараша 2019 1886 0
Без рубрики

КҮЙЕУІ КЕПІЛГЕ АЛҒАН ӘЙЕЛ БОСАТЫЛДЫ

Оралда ер азамат кепілге алған әйелді босату операциясы аяқталды.

Арнаулы операция аяқталған соң БҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, арнайы құралдарсыз және қарусыз қаскүнемді залалсыздандырғанын айтты.

Белгісіз азаматтың Жәңгір хан көшесі, 13 мекенжайындағы нотариустың кеңсесінде әйел адамды кепілге алғаны туралы ақпар сағат 13.10-да «102» нөміріне түскен. Әрі оның қолында пышақ пен гранатаға ұқсас заттың болғаны хабарланған.

Оқиға орнына жедел түрде Полиция, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жедел медициналық жәрдем қызметі барған. Сол жерде штаб құрылып, ішкі істер министрлігімен тікелей байланыс жүргізілген. Арнаулы операцияға Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Е.Тұрғымбаевтың өзі жетекшілік етті.

– Сағат 13.25-тен бастап нотариус кеңсесі орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар үшін №20 мектептен орын-жай берілді. Үй аумағы толық қоршауға алынды. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін тұрғын үй газ және электр желісінен ажыратылды. Кепілге ұстап отырған азаматтың зардап шегушінің күйеуі екені анықталды. Сағат 15.00 шамасында ол алғашқы талабын айтты. Бірақ, кейін одан бас тартып, 16.00 шамасында екінші талабын жеткізді. Сөйлесу ашық терезе арқылы жүргізілді.  ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тарапынан және облыс әкімдігінен операцияны адамдардың зардап шегуінсіз және ауыр салдарсыз жүргізу міндеті қойылды. Оқиға орнына ол азаматтың ағасы мен әпкесін шақырттық. Ұзаққа созылған туыстарының сөйлесуінен және Прокурордың заң бойынша қандай шара қолданылатыны туралы түсіндірме жүргізуінен соң, ол әйелді босатты, – деді полиция полковнигі Серік Сүйінбаев.

Осылайша, сағат 13.10-да басталған арнаулы операция алты сағаттан аса уақыттан соң, яғни сағат 19.40 шамасында аяқталған. Қоршау алынып, тұрғындар үйлеріне оралды.

Ұсталған азамат Полиция департаментіне жеткізілген. Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 261-бабымен (адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кепілде болған әйел сол аяғынан жарақат алған. Ол қазір ауруханада. Болған оқиғадан есеңгіреп қалған әйелмен  психологтар жұмыстануда.

Полиция полковнигі С.Сүйінбаев ҚР Қылмыстық-процестік заңнамасының 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес аталған фактіге қатысты кейбір мәліметтер жарияланбайтынын жеткізді. Дегенмен, әйелін кепілге алған бұл 1978 жылғы азаматтың бұған дейін, яғни 2018 жылы жауапқа тартылғаны белгілі болып отыр. Сол кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша екі мәрте қорғау нұсқамасы шығарылған екен. Демек, ер азаматтың әйелін аңдуына, телефон арқылы сөйлесуіне, қарым-қатынас жасауына тыйым салынған.

Айта кету керек, операция барысында қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың арасында ажырасу процесі жүріп жатқаны анықталды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»