ӘЙНЕК КЕСІНДІСІМЕН БАУЫЗДАП ӨЛТІРДІ
Клей иіскеп, ішімдікке сылқия тойған екеу арасындағы дау-дамайдың соңы адам өлімімен аяқталды. Бәйтерек ауданының тұрғыны Байтілеуов Нұрлан 4 шілде күні Андрей Тарасенконы әйнек кесіндісімен бауыздап өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айрылды.

Дарияндық айыпталушы Нұрлан Байтілеуов пен марқұм Андрей Тарасенко аталған күні таңмен арақ ішеді. Олардың басқосуына дейін де Байтілеуов 1,5 литр сыра жұтқан көрінеді. Екеуінің көңіл көтеруі өзен жағасында ұласып, одан әрі супермомент клейін қабылдауға жалғасады. Әбден естерінен айрылған олардың әңгімелері жараспай дауласып, Байтілеуов Тарасенконың мойнын жерде жатқан шөлмек кесіндісімен осып жібереді. Кейін оның жан тапсырғанына көз жеткізген соң, киімдерін шешіп, қамыс арасына жасырады да, оқиға орнынан бой тасалайды.
Тарасенконың мәйітін ауыл оқушылары 6 шілдеде тауып алған. Ол енді 11 жылға темір торға қамалатын болды. Бұл туралы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот жария етті.
– Бәйтілеуов адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын барынша қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады. Айыпты өз кінәсін ішінәра мойындады. Оны токсикомандық тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу туралы да шешім қабылданды деді, – БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.
Сонымен қатар, судьяның айтуынша, сотталушы тергеу барысында өзімді қорғамақ болдым деп ақталуға тырысқан. Алайда сот медициналық сараптама Тарасенконың мойнынан ұзындығы 12,6 ал тереңдігі 4 см жарақаттың барын анықтаған. Демек, 23 жасар қылмыскердің бұл сөзі ешқандай шындыққа жанаспайды. 20 жасар Тарасенконың туғандары қанды қол қылмыскерге тағылған жаза лайықты дейді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бір айта кетерлігі, Байтілеуов есірткі және синтетикалық өнімдерді тұрақты тұтынғаны үшін, Ал Тарсенко маскүнемдік бойынша наркологиялық есепте тұрған көрінеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу