ЭТНОЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МАҚАЛА ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Оралдағы Мұз айдыны сарайында «Еңбек жолымен» халық экспедициясы және Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы, Еріктілер жылының бастау алуы, Жастар жылының жабылуына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Өңір басшысы Ғали Есқалиевтың баяндауынша, Жастар жылында облыста мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 500 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жұмыспен қамту шараларымен 7 000 жас қамтылып, «Жас кәсіпкер» жобасы шеңберінде 1000-нан астам адам кәсіпкерлік дағдыларына оқытылған және оларға 251 млн. теңгенің 500 гранты берілген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 645 жас маманға 269 млн. теңге көлемінде көтермеақы бұйырған, сол жастардың ішінен 461-і тұрғын үй алуға 1,6 млрд. теңге шамасында несиеге қол жеткізген. Сондай-ақ Ғали Есқалиев қазақстандықтардың, оның ішінде жерлестеріміз – еңбек ардагерлерінің, ассамблея белсенділерінің «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясын, яғни қиындықты жеңу, жасампаздық жолын ұйымдастыруға бастама көтергенін мәлімдеді. Қазақстанды халықаралық қауымдастық мойындағанын, әлемдік қауымдастықтың елімізді демократиялық және бейбітшіліксүйгіш мемлекет деп танитынын, оған қоғамның үйлесімді дамуының жаһандық стандартына айналған Қазақстан халқы ассамблеясының қосқан үлесінің зор екенін айтты.
– Қазақстан халқы ассамблеясы 25 жыл ішінде кеңестік құрылымнан кең өкілеттіктері бар кеңесші құрылымға дейін өсті. Осы жылдар ішінде ассамблея еліміз үшін көптеген маңызды шешімнің бастамашысы болды. Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болуымен ел Президентінің өкілеттіктерін кеңейту және Конституцияның жаңа редакциясын қабылдау туралы референдум өтті. Этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі – Қазақстанның әр түрлі этностар мен конфессиялардың өзара іс-қимылының жаһандық процесіне қосқан үлесі, — деді Ғали Есқалиев.
Жиында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Қалалық «Жайық үні» газетінен Кәусар Байғалиева, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның БҚО филиалы «Ақжайық» телеарнасының жүргізушісі Лаура Бекболатова, БҚО ҚХА журналистер клубының мүшесі, «Пульс города» газетінің фототілшісі Оксана Каткова, республикалық «Литер» газетінің тілшісі Оксана Дементиевская, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлбаршын Әжігереева үздік мақалалары үшін марапатталды.

Іс-шара барысында облыс басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығының бастау алғанын білдіретін эстафеталық кітапты қала әкімі Абат Шыныбековке табыс етті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу