8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2020 1442 0
Өзек

ЭКС-ПОЛИЦЕЙ БЕС ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

4 баланың анасын қағып кеткен экс-полицей Медет Рахаділов бес жылға бас бостандығынан айрылды. Бұдан бөлек ол осынша уақыт көлік жүргізу құқығынан айрылды. Орал қалалық қылмыстық сотының судясы Айжан Мырзалы аталған істің бернеше ай бойы қаралғанын мәлімдеді.

–  Рахаділов ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3- бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айрылсын. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады,- деді судья Айжан Мырзалы.

Сонымен қатар судья Орал қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарған 35 жасар Рахаділов сотта жауап беруден бас тартты. Алайда өз кінәсін мойындап, қаза тапқан әйелдің туған-туысқандарының кешірім сұрағанын мәлімдеді. Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылғы 7 желтоқсанда Рахаділов Audi автокөлігімен қауіпсіздікті қамтамасыз етпестен және Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Көлікті басқарушы әйел ауыр дене жарақатын алып, «ашық бас сүйек-ми жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. 8-ші желтоқсаннан 9 желтоқсанға қараған түні марқұм есін жимастан көз жұмған болатын.

Еске сала кетеміз, қаза тапқан Іңкәр Бектұрғанованың соңында төрт баласы қалды. Ең кішісі жасқа толмаған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»