8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2022 2248 0
Қоғам

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ЧИПТЕУ ҚАЖЕТ

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте ит-мысықтарды тіркеуге қою бойынша атқарылған жұмыстар жайы қаралды. Ветеринария басқармасы бұл жұмыспен 2019 жылдан беру айналысуда. С. Нұрмағамбетовтың айтуына қарағанда,  үй жануарларын чиптау қажеттігі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша 51 230, Орал қаласы бойынша 27 970 жадынама  таратылған,  гараж кооперативтеріне, саяжай кооперативтерінің мүшелерімен кездесулер өтті. Сонымен қатар Оралдағы көшелер қиылысындағы LED экранға бейнеролик көрсетіліп, «Aqjaiyq» телеарнасына сюжет шығарылды.  Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округіндегі 282, Сырым ауданының Бұлан ауылдық округіндегі 66, Орал қаласында 615 иесі бар ит-мысыққа чип салынды. Орал қалалық ветстансасы 534, аудандық ветстансасалар   2030,  жеке ветклиникалар 81 ит-мысықты тіркеп, есепке алды. Облыс бойынша  2645 иесі бар үй жануарлары есепке алынды. Оның ішінде 232 тұқымды ит-мысық тіркелді. Жадынамаларды алып, үй жануарларын тіркемеген 57 азаматқа шара алу жөнінде полиция басқармасына хаттар жолданды. Биылғы өткен мерзімде аталған бұзушылықтар бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес Орал қаласындағы 83 тұлғаға қатысты хаттама толтырылып, соның ішінде 3 тұлғаға 49 008 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Облыс әкімі тұрғындардың бұралқы иттердің көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп отырғанын айта келе, ит-күшіктердің иелерінің жауапкершілігін арттыру қажеттігін алға тартты. «Иттердің құжаттары, чиптары болуы керек. Сол чиптар    кімнің иті, ауру ма, сау ма деген барлық ақпаратты көрсетеді.  Айыппұл шамасы қымбат.  Стерилизация құны  – 11000 теңге, кестіру  – 5500 теңге, бұл жағдайы жоқ тұрғындарға қымбатқа түспей ме?  – деді облыс әкімі. Бұл сұраққа басқарма басшысы: «Ең төменгі бағасы  – осы,  бұдан әрі азайту  мүмкін емес. Өйткені итті 7 күн тамақтандырады, қызметкердің еңбегі, ота кезіндегі ине, спирт шығыны бар. Жеке клиникаларда 16 мыңнан басталады»,  – деп жауап берді.

– Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты азайтудың бірден-бір жолы цифрландыру екенін айтқан болатын.   Сондықтан цифрландыруды қолдап, әрі қарай жалғастырамыз. Ит-мысықты чиптау мәселесіне тұрғындар түсіністікпен қарау керек. Малға ветеринариялық анықтаманың артында «QR-коды» болуы тиіс,-деді Ғ. Есқалиев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
251 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
409 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
445 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
712 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
726 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
852 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1158 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1248 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1272 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1486 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1758 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1978 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2020 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2164 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2365 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»