Үй жалдауға субсидия алғысы келетіндердің несие тарихы тексерілмейді
Тұрғын үй жалдау субсидиясын алуға өтініш берушілердің несие тарихы тексерілмейді.
Бағдарлама барысында тұрғын үй субсидиясын алуға өтініш бергендердің төлем қабілеті қалай тексерілетіні айтылды. «Өтініш берушілерге төлем қабілетін растау керек. «Баспана маркет» порталына өтінім бергеннен кейін төлем қабілетін банк автоматты түрде есептейді. Яғни, дереккқорлардан бүкіл ақпарат алынады. Оның ішінде сіздің айлығыңыз, барлық төлемдеріңіз, еңбек демалысының өтемақысы болса, соның бәрі кіреді. Кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз, кәсіпкерлік табысыңыз кіреді. Сол отбасы алатын зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де төлем қабілеті ретінде есепке алынады. Осы табыстың бәрін жан басына шағып, 6 айдың ішіндегі табысын есептейді», – деді «Отбасы банк» акционерлік қоғамы орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай. Бағдарлама барысында «Тұрғын үй жалдау субсидиясын алғысы келетін отбасының несие тарихы жағымсыз болса, не істеу керек?» деген сауал қойылды. «Несие тарихы қаралмайды», – деп қысқа қайырды Жансұлтан Матай. Айта кетейік, тұрғын үй жалдау субсидиясын төлеу ережелерін мамыр айында бекітіп, іске қосу жоспарланған.
Қазір ереженің жобасы талқыланып жатыр.
https://www.inform.kz/kz/uy-zhaldauga-subsidiya-algysy-keletinderdin-nesie-tarihy-tekserilmeydi_a3895254
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу