ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП
Дүйсенбі күні БҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында Іскер әйелдер қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуде аталмыш кеңес қызметінің негізгі басымдықтары бекітіліп, жаңа жобалар талқыланды. Мемлекеттік органның және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері іскер нәзік жандарға әйелдер кәсібін өрлетудің тиімді тетіктерін түсіндірді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

Ағымдағы жылы Іскер әйелдер қауымдастығы барлық нәзік жандарды, әсіресе ауылдық бизнес ханымдардың кәсіптерін «аяғынан тұрғызып», белсенділіктерін арттыруға ниетті. Биылғы кеңес жұмысының көздегені де ауыл шаруашылығын дамыту болатын. БҚО Кәсіпкерлер палатасындағы БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ляна Тұрсынова негізгі мәселе – әйелдердің ақпаратсыздығы деп есептейді. Ендігі жерде бизнеске бет бұрамын дейтін ауыл әйеліне жол ашылып, несие жағынан да, қолдау жағынан да қиындық көрмеуі тиіс.
Республика бойынша алып қарасақ, біздің өңіріміз бизнестегі әйелдер саны бойынша соңғы сапта екен. 114 бизнес субъектісінің тек 31-ін ғана әйелдер басқарады. Сондықтан басқосуда кеңес белсенділеріне қаржылық қолдау тетіктері туралы жан-жақты айтылды.
Бұл бірінші кезекте «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы, «100 саудаМұхтар Манкеев әкімшілік тарапынан қажетті көмекті қамтамасыз ететінін атап өтті. Бизнес орны», «Қарапайым заттар экономикасы» жобалары. Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары і дамытуға жер телімінің жетіспеуі – негізгі мәселе екені көпшілікке аян. Бұл тұрғыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері биыл аукцион арқылы 100 жер телімі жеті жыл мерзімге жалға берілетінін жеткізді. Жақын арада 22 жер телімі дайын болады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін де бизнеске ыңғайлы етіп ұйымдастыру ойластырылған. Қазіргі таңда жәрмеңке «Весы» сауда үйінде өтуде. – Қазір біз аталмыш сауда үйіне үш автобус маршрутын бағыттадық. Қолайлы жағдай жасадық. Алдағы уақытта облыс әкімінің тапсырмасына сай, тұрақты жәрмеңке өтетін қолайлы орын жасақтауды жоспарлап отырмыз. Жәрмеңкені ұйымдастырып, сауда орнының бар жауапкершілігін мойнына алатын жеке серіктестік іздейміз, – дейді Мұхтар Манкеев.
– Бүгінде әйелдердің басым көбісі шағын кәсіппен айналысады. Елімізде бұл көрсеткіш 60 пайыздан асады, – деген «NUR банк» БҚО филиалының директоры Зульфия Бекешова банктегі несиелеу шарттарымен таныстырып, кәсіпкер әйелдерді бірге жұмыс жасауға шақырды.
Қауымдастық мүшелері бұдан бұрын аудандарды аралап, кәсібі енді жандана бастаған ауылдағы бизнес ханымдардың жұмысымен танысқаны, олардан үлгі алуға болатынын жиында ашып айтты. Кездесуде жаңа жобалармен таныстырған кеңес төрайымы Ляна Тұрсынова барлық кәсіпкер әйелдерді тың бастамаларды қолдауға, қатысуға шақырды. Бұдан соң жиынға қатысушыларға «Евенеева Б.Ж» ЖШС-ында кондитерлік өнімдерден арнайы шеберлік-класы ұйымдастырылды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу