8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Сәуір 2020 1218 0
Қоғам

ӨҢІРІМІЗДЕ 126 ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

              Бүгінде облыста жалпы құны 2,4 трлн болатын 126 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 2000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. Соның ішінде 2020 жылы 370 млрд. теңге игеріліп, 1600 жұмыс орнын құрумен 102 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде құны 700 млн теңге болатын «Кублей» ЖШС-ның теріні бастапқы қайта өңдеу цехы және жоба құны 7 млрд. теңге құрайтын «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС жылыжай кешені сияқты жобалар аяқталуда. Бұл туралы бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингке  БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев мәлімдеді.      

Мұхтар Наурызбайұлының айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында негізгі назар инвестициялық ахуалды жақсартуға, инвестициялар тартуға, импорт алмастыруды дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Инвесторларды тарту бойынша жұмысты жақсарту мақсатында инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалын жақсарту және экспортты жылжыту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвесторлар Кеңесінің бес, ағымдағы жылы екі отырысы өткен. Осы кезеңде барлығы 18 жоба қолдауға ие болыпты. Соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 401,6-дан 584 млрд. теңгеге дейін өсіп, яғни 1,5 есе артқан. Инвестициялардың негізгі үлесі – 70 пайызы тау-кен өндірісіне тиесілі. Ағымдағы жылдың екі айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі үш есеге артып, 102,6 млрд. теңгені құрап отыр.

–   Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі 91,3 пайызды құрады. Батыс Қазақстан  облысы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі бойынша республикада бірінші орын алады. Былтырғы жылы 500 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 354,2 млрд. теңгеге 10 ірі жоба пайдалануға берілді, – дейді өңір басшысының орынбасары.   Биыл  трансформаторлар үшін панельдік радиаторлар өндірісі («Орал трансформатор зауыты» ЖШС) құрылысы жүруде, биыл іске қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ  жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС) пайдалануға беріледі.  Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің газына өндіріс шектеулерін жоюға 425 млрд. теңге инвестиция бағытталған.  Келер жылы іске қосылмақ.  Облысқа инвестициялар тарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалдық аймақ құру жоспарлануда. Теректі ауданы Ақсуат ауылындағы Пойма стансасынан 281 га жер бөлінген. Бүгінгі күні техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама жасалып, жобаға мемлекеттік сараптама жүргізілген. Сондай-ақ 2020 жылға 1,7 миллиард теңгеге инфрақұрылым жүргізу бойынша өтінім мақұлданыпты.

– Инвестициялар тарту мәселелерін жеделдету мақсатында, инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл бойынша өңірлік оператор ретінде «Орал» ӘКК» АҚ жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығы таңдалды. Бүгінде инвесторларға қызмет көрсету орталығы жаңа тұжырымдама бойынша қызмет етуде. Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасының ІІ бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында 1500-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен 93,9 млрд.теңгеге 36 жоба іске қосылды. Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасының ІІІ бесжылдығы (2020–2025) аясында 65,9 тұрақты жұмыс орнын құрумен 170,3 млрд.теңге сомасына 10 жоба жүзеге асуда. Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған. Жобаларды іске асыруға негізінен ресейлік компаниялармен бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылығы, айналым капиталы мен тапсырыстың жеткіліксіздігі, даму институттарының қаржыландыру процедураларының ұзақтығы, жобаның өтелу мерзімінің ұзақтығы және өзге де факторлар әсер етеді. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырғаннан бастап мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы 124,2 млрд. теңгеге несиелер мен инфрақұрылымға 947 кәсіпкерлердің жобасын қамтыды. Құрылыс сомасы 2,7 млрд. теңге болатын 57 кәсіпкердің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілді. Қолдау тапқан жобалар аясында 28,2 мың жұмыс орны сақталып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттен 1,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау 1532,4 млн. теңге,  несиелер бойынша кепілдемелер – 146,9 млн. теңге,  гранттық қаржыландыру – 86 млн.теңге. Күні бүгінде несие соммасы 1 713 млн.теңге болатын 55 жаңа жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мақұлданды, ЖАО төлемдері 220,6 млн. теңгені құрады. Кепілдендірудің жалпы сомасы 163 млн.теңгеге 18 кепілдік келісім шартына қол қойылды, ЖАО төлемдері 27,5 млн.теңгені құрады, – деп баяндады Мұхтар Наурызбайұлы.

Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы щеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында  қала бойынша микронесиелеуге  500,0 млн.теңге бөлу жоспарланған. Кепілдемеге 36,0 млн.теңге қарастырылған. 50 шағыннесие беру жоспарланған. Өткен жылы «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жоба іске қосылды, бағдарламаны іске асырудағы кедергілерді жедел анықтау және жою мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылған. Оның құрамына ЖАО, «Даму» КДҚ» АҚ, АКК, ЕДБ және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері кіреді. Жобалық кеңсе бизнес жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға дейін бизнес жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, жобалардың тұрақты мониторингін жүргізеді.  Қазіргі уақытта жалпы сомасы 27,7 млрд. теңгеге 196 жоба (ЕДБ, АКҚ) жұмыстануда, оның ішінде 8,8 млрд. теңге сомасына 139 жоба мақұлданса, 3,7 млрд. теңге сомасына 37 жоба қаралуда екен. Осы механизмнің негізгі әлеуетті қатысушылары БҚО өнеркәсібінің өңдеуші кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы субъектілері болып табылады.

Қазіргі жағдайға байланысты облыс әкімінің өкімімен жеке қорғаныс құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылғаны белгілі. Мониторинг аудандарда және Орал қаласындағы 16 компанияға жүргізіледі. Облыс әкімі орынбасарының сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша 23 445 дана жеке қорғаныс құралдары шығарылған (13 наурыз – 5 сәуір аралығында 405 309 дана шығарылды). Сондай-ақ, «Кенжеғалиева» ЖК 425 дана қорғаныш киімдерін дайындаған. Маскалар негізінен заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша сатылады және №1 дәріханаларда, Назель, Талап АҚ, «Family farm» Маутова ЖК, «Мейірімді дәріхана» ЖШС, Ерғалиева ЖК, «Ланцет» ЖШС, «Pharm market» ЖК, «Спецодежда» дүкені және өндіріс көлемі өскен сайын басқа да дәріханалармен өндірілетін болады. Осы орайда «Топан» ЖШС бензолкан хлориді (Германия), Самарадан 500 келі глицерин сатып алған.  Бұл 25 тонна антисептик шығаруға жеткілікті көрінеді. Ал «Талап» АҚ 20 тонна этил спиртін алған. «Аптека №1» ЖШС ағымдағы жылдың екінші сәуірінен бастап «Топан» ЖШС базасында антисептик шығаруды бастады. Бүгінде 200 литр антисептік дайындауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта күніне 600 литрге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Антисептик «Талап» және №1 дәріхана желілері арқылы жүзеге асырылады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
47 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
232 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
273 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
551 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
563 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
689 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
991 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1083 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1109 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1320 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1591 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1817 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1856 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2003 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2201 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»