8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2019 1814 0
Дені сау ұлт

ІРІҢДІ МЕНИНГИТТЕН 10 АЙЛЫҚ СӘБИ КӨЗ ЖҰМДЫ

Оралда іріңді менингиттен 10 айлық бала ауруханада көз жұмды. Оқиға кеше, 10 маусым күні болған. 

–  Сәби көпбейінді балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді. Жедел хабарлама бізге 3  маусым күні түсті. Менингитті инфекция қоздырғышы анықталған жоқ. Қойылған диагноз – өткір іріңді менингит. Өкінішке орай, оны аман алып қалудың мүмкіндігі болмады. Кеше, 10 маусым күні бала реанимацияда көз жұмды, – деп жеткізді Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Валентина Кенжеғалиева.

Сала мамандарының айтуынша, облыста менингококк жұқпасының 2 жағдайы есепке алынған. Атап айтқанда, жыл басынан бері 20 жастағы және 9 айлық науқастарда менингококкты инфекцияның генерализацияланған түрі тіркеліп отыр. Бір жағдайда диагноз зертханалық түрде расталып, С тобының менингококк қоздырғышы анықталған. Екінші жағдайда диагноз клиникалық деректер негізінде расталған.

В.Кенжеғалиева менингит түрлі болатынын жеткізді. Мәселен, 10 айлық сәбидің көз жұмуына менингитті инфекцияның қатысы жоқ. Өйткені іріңді менингит бір адамнан екінші адамға жұқпайды. Ал менингитті инфекция ауа-тамшылы жолмен жұғады.

– 20 жасар азамат та, 9 айлық баланың ауруы да мамыр айында тіркелді. Олар қазір аурудан айықты. Екі жағдайда да біз ошақтарда  эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргіздік. Олармен байланыста болған адамдар менингококкты инфекцияға бактериологиялық зерттеу жүргізілгенімен, нәтиже теріс болды. Бірақ, қоршаған ортада менингитті инфекцияны тасымалдаушылық бар, – деп түсіндірді Валентина Кенжағалиева.

Сондай-ақ эпидемиологтар менингит бактериологиялық немесе вирусты этиологияда болуы мүмкін екенін айтып, жаз маусымының басталуымен серозды, яғни вирусты менингиттің пайда болу қаупіне назар аудару қажеттігін ескертті. Яғни жуылмаған жеміс-жидектерді пайдалану кезінде, суға түскенде серозды менингитпен сырқаттану ықтималдылығы бар. Менингиттің осы түрінің қоздырушысы – энтеровирус. Күн сәулесінің әсерінен энтеровирус өршіп, адам ағзасына түсуі мүмкін. Иммунитет әлсіз болса ми қабатының қабынуына әкеліп, салдарынан менингитті тудырады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
79 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
134 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
299 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
492 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
735 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
813 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
921 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
928 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
952 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
966 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1069 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1289 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1605 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1487 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1597 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1587 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1719 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1763 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1709 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1719 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»