ӨҢІР БЮДЖЕТІ – 186,2 МЛРД. ТЕҢГЕ
Батыс Қазақстан облысының бюджеті жалпы сомасы 13,5 млрд. теңгеге нақтыланды. Енгізілген өзгерістер есебімен облыстық бюджет 186,2 млрд. теңгені құрап отыр. Бүгін бұл туралы облыстық мәслихаттың 29-ыншы кезекті сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тлепберген Каюпов мәлімдеді. Сессия жұмысына өңір басшысы Ғали Есқалиев, басқарма басшылары мен депутаттар қатысты.

Сессияда облыстық мәслихаттың өткен жылғы 14 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тлепберген Каюповтың мәлімдеуінше, облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылаудың негізі болып республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан берілетін трансферттер мен кредиттер және жергілікті бюджеттің түсімдерін түзету жатады. Осы орайда өңір бюджеті жалпы сомасы 13,5 млрд. теңге нақтыланды. Бюджеттің негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік блок. Инвестициялық жобаларды іске асыру есебімен әлеуметтік салаға 3,5 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 2 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 1,7 млрд. теңге бағытталған. Білім беру саласына – 1,4 млрд. теңге бөлінсе, соның ішінде облыс мектептеріне арналған оқу әдістемелік кітаптар және оқулықтар сатып алуға – 260,3 млн. теңге, өңіріміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға – 53,6 млн. теңге, Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінің құрылысына – 1,1 млрд. теңге, мәдениет және спорт саласына – 52,6 млн. теңге және денсаулық сақтау саласына – 701 млн. теңге жұмсалмақ. Ауыл шаруашылығын дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға 1,9 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның ішінде 1,8 млрд. теңге ҚР Ұлттық қоры есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредиттер беруге бағытталған. Сондай-ақ өртке қарсы және орман шаруашылығындағы іс-шараларды жүргізуге және облыс аудандарының каналдарын қайта қалпына келтіруге бөлінбек.
Тұрғын-үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 5,3 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде қаражаттар Орал қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жалғастыруға және аяқтауға, сонымен қатар, Ақжайық, Теректі аудандарының және Орал қаласының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыруға және дамытуға қарастырылды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына 401 млн. теңге бөлініп отыр. Шығыстарда Теректі, Ақжайық, Бөкей ордасы аудандарының төрт ауылдық елдімекендерін сумен жабдықтау және Қазталов ауданының тоғыз ауылдық елдімекендерін газбен жабдықтау жоспарланған. Өңіріміздегі автомобиль жолдарын ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл мақсатқа 100 млн. теңге қарастырылған. Енгізілген өзгерістер есебімен облыстық бюджет 186,2 млрд. теңгені құрап отыр. Сондай-ақ сессия барысында облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу