8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2020 1466 0
Қоғам

ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

12 ақпанында БҚО Кәсіпкерлер палатасында БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметинвесторларды қорғау мәселелерін осы саладағы уәкілетті органдармен талқылады. 

Оған БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет, БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Т. Ибраимов, «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының директоры Н.С. Өтепбаев және «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Д.А. Жәнібеков қатысты.

Н.И. Самет «Protecting Business and Investments» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпараттандырып, әріптестерін инвесторлардың жобаға қосылуына ықпал етуге шақырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша «Сатып алудың бірыңғай терезесін» пайдалану, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ осы бағыттағы қаржылық қолдау мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының, «AQJAIYQ» ӘКК басшылары бірлесе қызмет атқаруға дайын екендерін мәлімдеді.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Т. Ибраимов Палата базасында іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «Protecting Business and Investments» жобасын қосымша таныстыруды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасының мақсаты инвесторларды тек кәсіпкерлік қызмет аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде күнделікті өмірде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және аймақтағы инвестициялық бизнес-ахуалды жақсарту болып табылады.  Жоба Агенттік пен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»