«ІНДЕТКЕ БІРЛЕСІП ҚАРСЫ ТҰРУ – ОРТАҚ МІНДЕТ»
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Елбасы мақалада тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырғанын осы жағдайда мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын жеткізді және халықты қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмауға шақырған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласына қатысты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Саялбек Ғиззатов пікір білдірді.

– Елбасы Н.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында елімізде және әлемде қалыптасқан қиын жағдайға қатысты өзіндік сараптамасын жасаған. Қазіргі кезеңдегі короновирус пандемиясының адамзат үшін қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіре отырып, Қазақстан халқын сабырлылық пен төзімділікке шақырған.
Елбасының өз мақаласында тарихта «миллиондаған адамдарды баудай түсірген індеттер аз болмаған» деп көрсетуі бізді өткенге көз жүгіртуге итермелейді. Расында да қазақ халқы өз тарихында көптеген індеттер мен нәубеттерді басынан кешірді. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, сүт, ет секілді таза табиғи өнімдермен қоректеніп, ат құлағында ойнаған ата-бабаларымыздың иммунитеті мықты болды. Алайда ауру-сырқау көп жағдайда көршілес елдерден келетін еді. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы, жаңа заманда көршілес Ресей империясы арқылы тараған індеттер мыңдаған адамдардың өмірін қиды. Ал ХХ ғасырда қазақ даласында жаппай белең алған оба, тырысқақ, шешек аурулары көптеген жанұяларды жақындарынан айырып, зар жылатты. Осындай түрлі індеттер мен нәубеттерге қарамастан ата-бабаларымыз осынау ұланғайыр атырапты бізге аман-есен жеткізіп берді.
Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласындағы тағы бір ой адамдардың қашықтан жұмыс істеуімен байланысты болып отыр. Қазіргі таңда көптеген қызметкерлер дәстүрлі қағазбастылықтан арылып, карантинге байланысты онлайн режимде қашықтан қызмет көрсетуге көшті. Бұл өз кезегінде ғылым мен технологияны дамытуға жол ашары сөзсіз. Өйткені түрлі компьютерлік бағдарламалар, байланыс контенттері, мобильді қосымшалар тұрғындардың, соның ішінде жастардың ғылыми ізденісіне бағыт-бағдар сілтейді деген сеніміміз мол!
Атамыз қазақ «Үш нәрсенің алдын ал: аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта қозған даудың алдын ал» деп бекерге айтпаған. Сондықтан бұл індетке бірлесіп қарсы тұру – ортақ міндет! Ол үшін мемлекет тарапынан қабылданып отырған шараларға қолдау көрсетіп, тәртіпке бағынуымыз қажет! Біз біргеміз, – деді доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғиззатов.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу