«ІНДЕТ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ СОҢЫ МЕН ҚАҢТАРДЫҢ БАСЫНДА ӨРШУІ МҮМКІН»
Коронавирус желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында өршуі мүмкін. Мұндай болжамды Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Ең алдымен, бүкіл әлемде және Еуропада коронавирусқа қатысты қандай жайттың орын алып жатқанын көріп отырсыздар. Оның Қазақстанда да орын алу ықтималдығы бар. Дегенмен, ол бізде біршама жеңіл өтуі мүмкін, Себебі маусым мен шілде айында бізде көп адам ауырып шықты», – деді қауымдастық президенті агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар профессор еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдығуға қатысты шынайы жағдай мен ресми статистика арасындағы мәліметтер қарама-қайшылығына қатысты пікір білдірді.
«Шындығына келгенде, біздің ресми статистикамыз шынайы жағдайдан 20-30 есеге аз көрсетіп отыр. Себебі адамдардың көпшілігі медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазір де көп адам ауырып жүргенімен, ПТР-тестілеуден өтпейді. Мұны да біліп отырмыз. ПТР-дің оң нәтижесі барлық уақытта коронавирус бола бермейді. Сонымен қатар теріс нәтиже де вирустың жоқ екендігіне дәлел бола алмайды. Сол себепті меніңше, желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында ауруға шалдығу өсімі қазіргіден әлдеқайда жоғары болады», – деді Вячеслав Локшин. Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығы президентінің болжамынша, коронавирусқа шалдығу көрсеткіші, әсіресе еліміз өңірлерінде ушыға түсуі мүмкін. «Қазіргі уақытта еліміздің шығысы мен солтүстігінде коронавирустың өршіп тұрғаны белгілі. Мұндай жайт оңтүстікке де келіп жетеді. Сондықтан оған дайын болуымыз қажет», – деді профессор.
Осы орайда ол санитарлық шектеу шараларын сақтау маңыздылығына тоқталды.
«Коронавирустан сақтанып, денсаулығымызға қауіп төндірудің жалғыз жолы – әлеуметтік арақашықтық сақтау, барлық жерде маска тағу және қолды үнемі жуу. Туған күн, үйлену тойын өткізуді, жерлеу рәсіміне қатысуды доғару керек. Жұмыстан басқасының бәрі тоқтағаны жөн. Мейрамханаларға жұмыс істеу керектігі түсінікті. Бірақ, олар сақтық шараларын қазіргіден де қатты сақтау тиіс. Егер дәрігерлердің ұсынымдарын орындамайтын болсақ, онда азаматтарымыздан айырыла береміз», – деді Вячеслав Локшин.
Айта кетерлігі, өткен тәулікте ғана Қазақстанда 762 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Қазіргі уақытта елімізде коронавирустан 9 961 адам емделуде. Олардың арасында 464 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 228 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу