8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Шілде 2021 1155 0
Қоғам

ІНДЕТ АСҚЫНЫП ТҰР

        Өңірімізде эпидахуал күрделеніп кетті. Сондықтан шілденің 17-сінен бастап бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда, «Ashuq» мобильді қосымшасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындарының, сауна, СПА-орталықтар мен бассейндердің жұмысын, қалааралық (облысаралық) автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылады. Жексенбі күндері қоғамдық көліктердің қозғалысы, ашық базарлардың жұмысы уақытша шектелсе, сенбі-жексенбі күндері балалар түзету кабинеттері, білім орталықтары, үйірмелер жұмыс жасамайды. Бұл туралы сейсенбі күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен коронавирусқа қарсы жеделштаб отырысында айтылды.

               БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев соңғы аптада індет жұқтыру оқиғасы 28,4 пайызға өскенін айтты. Ең көп ауру жұқтыру дерегі Орал қаласы мен Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Теректі, Тасқала, Ақжайық, Шыңғырлау аудандарында тіркелген. Мемлекеттік шекараны кесіп өтушілердің денсаулығы да басты назарда екенін атап өтті.  Екіжақты жүк тасымалымен айналысатын 5991 жүргізушінің 740-ы коронавирусқа тексерілу құжатынсыз өтіп, жетеуінен оң нәтиже анықталған. 1 шілдеден бастап 23384 ПТР-тестілеу өткізілген.

Өңірдегі эпидахуалдың күрделенгенін жасырмаған облыстың бас санитариялық дәрігері М.Арыспаев 17 шілдеден бастап бірқатар шектеу шараларын енгізілетінін мәлімдеді. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Қалибеков өңірдегі індет жұқтыру жағдайына тоқталып, облыста 20 жұқпалы аурулар стационары жұмыс жасап жатқанын айтты. Күнделікті өзгеріске түсетін сандық көрсеткіштердің соңғы ақпаратын мәлімдеген басқарма өкілі: «Бүгінгі күні коронавирус жұқтыру бойынша 26997 жағдай тіркелді. Індеттен сауыққандар – 20946, көз жұмғандар – 438. Жансақтау орындарының 61,8 пайызы толды. Бұл науқастардың жас ерекшеліктеріне келсек, 50 жасқа дейінгі үш науқас, 50-60 жас аралығында – 12, 60-80 жас аралығында – 35, 80 жастан жоғары 10 емделуші өмір үшін күресуде. Олардың 81,7 пайызының созылмалы аурулары бар» деді. Айтуынша, жұқпалы аурулар және жансақтау орындарының күн санап толуы вирустың мутациясымен және COVID-19 індетінің жаңа штамдарының пайда болуымен байланысты.

Бұдан әрі А.Қалибеков коронавирусқа қарсы вакцинациялау мәселесіне тоқталып, екпе алу науқаны басталған 1 ақпаннан бастап облыс бойынша екі компоненттен тұратын 320 050 доза алынғанын айтты. – Оның ішінде ресейлік «Спутник V» – 247 050, отандық «QAZVAC» – 7000, БАӘ-нде дайындалған «Hayat-Vax» – 50 мың, қытайлық «CoronaVac» 16 мың доза. Жалпы вакцинаның І компонентін 132245 батысқазақстандық алса, ІІ компонентін 74142 адам салдыртты, – деді Арман Талғатұлы. Сонымен қатар екпе алу бекеттерінің мереке және демалыс күндерінде де жұмыс жасайтынын, мекеме-ұйымдарға көшпелі екпе бригадаларының баруы ұйымдастырылғанын жеткізді. Облыстың бас дәрігерінің міндетін атқарушы А.Қалибеков коронавирус жұқпасынан сақтанудың бірден-бір жолы – вакцина алу екенін, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін қызметкерлердің кем дегенде 60 пайызын иммундау жүргізілу керектігін мәлімдеді.

Жиында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндады.

– Ағымдағы жыл басынан бері нысандарға мониторинг жүргізу барысында шектеу шараларын бұзуға қатысты 214 жағдай анықталды. Жалпы соммасы 9 553 175 теңгені құрайтын 144 хаттама толтырылды. Сәуір айында сегіз мобильді топ қалалішілік және қала маңындағы елді мекендерге бөлінді. Күнделікті қалаішілік қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды сақтау шаралары тексеріледі. Бұл ретте автобус парктерінің басшыларына басты талаптар ескертілді, орындамаған жағдайда айыппұлдар салынады және субсидия төлеу барысында ұсталады, – деген Абат Абайұлы 3-7 шілде аралығындағы мониторинг жұмысының нәтижесінен хабардар етті. Белгілі болғанындай, сол аралықта «Жерұйық», «Гүлбақыт», «Көктем» банкет залдарында карантин талаптарын бұзу фактілері анықталып, материалдар жауапты мекемелерге жолданған. Сондай-ақ қала басшысы 15 маусымнан бастап қалалық әкімдік ғимаратында әкімдік және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін вакцинациялау бойынша арнайы кабинет ашылғанын мәлімдеді. Күні бүгінге дейін 117 қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алған.

Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Нұржан Мақсотов өңірде 613 нысан «Ashuq» мобильді қосымшасымен жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Жеделштаб отырысын қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев тұрғындар тарапынан туындайтын шағымдарға басымдық берді. Тұрғындар ауруханада жатқан туыстарымен хабар алу үшін мобильді байланыс желісі нашар екенін айтуда. Карантиндік талаптарды сақтау шараларын қадағалауды күшейту керек.

– Ауру белгілері пайда болған жағдайда бірден емханаға хабарласқан жөн. Ауруханаға жатудан үрейленбеген жөн. Ауруханаларда барлық жағдай жасалған, дәрі-дәрмек жеткілікті, дәрігерлердің тәжірибесі жеткілікті. Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасы мобильді топтардың жұмысын күшейту керек. Егде жастағы адамдардың үйде отырып қалмай, замандастарымен жүздесуіне жағдай жасап, санитарлық талаптарды сақтай отырып, ардагерлер арасында уақытша үйірмелер ұйымдастыру жұмысын қолға алу керек. Олар үшін қарым-қатынас аса қажет. Коронавирусқа қарсы екпе алу жұмысын жалғастыруымыз керек, – деген Ғали Нәжімеденұлы Құрбан айт мерекесінде санитарлық талаптарды ұмытпай, діни мейрамды өз отбасымен қарсылауға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
103 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
303 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
305 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
763 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
831 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
849 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
871 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
890 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1259 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1385 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1417 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1692 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1704 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1832 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2124 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2223 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»