ИМАН БАЛАБАҚШАСЫ ЕСІК АШТЫ
Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің жанынан «Иман балабақшасы» атауымен бүлдіршіндердің сауат ашу лагері ашылды. Мұсылмандық білім сатысымен таныстыратын лагерге балаларын әкелген ата-аналардың қарасы көп болды.

– Сауат ашу курсына алты жастан асқан балалар қабылданды. Лагердің басты мақсаты бүлдіршіндерге діни сауаттың алғашқы әліппесін үйрету. Бұл алдағы уақытта теріс ағымдардың балалардың санасын уламау үшін жасалып жатырған қадам деп түсінген дұрыс. Сондықтан осы бастаманы қолға алып, тәуекел жасап жатырмыз. Ер балаллар мен қыз балаларға сабақтар бөлек өтетін болады. Ер балалар мешіттің ішінде сабақ алса, қыз балалардың сабақтары мешіт асханасында жүргізіледі. Күніне үш сабақ өткізіледі. Екінші сабақтан соң балаларға тәттілер мен сусын берілетін болады. Сонымен қатар мешіттің ауласына ойын батуты құрылады. Және де сабақтан кейін бүлдіршіндердің көңілін аулау үшін әртүрлі бағдарламалай ұйымдастырылмақ. Бізді қолдап балаларының білімге ұмтылуына мүмкіндік беріп отырған ата-аналарға үлкен рақметімізді айтамыз,-дейді ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Парасат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бағдат Шақаев.
Лагерге жазылған балғындар он күн бойы мұсылман әліппесі, имандылық әліппесі, дәстүрім діңгегім секілді бағыттарда білім берілмек. Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін лагерге қатысушылар арасында білім сайысы оздырылып, сауат ашу курсының қорытындысы жасалып, арнайы сертификаттар табысталмақ. Және де сабаққа белсенді қатысып, күніге келіп жүрген бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар да ұсынылатын көрінеді. Алғашқы оқу күні 25 ер бала мен 25 қыз бала тіркеліп сабақ басталып кетті. Ниет білдірушілер болса, оқушылардың қатарына толығатын болады.
Мейрамбек СЫДЫҚОВ


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу