8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2020 1706 0
Қоғам

«ҚИЯЛ ҚАНАТЫМЕН» СӨЗ БЕН БОЯУДЫ ҮНДЕСТІРГЕН

Көркем сөз шебері, ақын, қазақ халқының ерлік дәстүрі суреттелген «Мен – қазақпын» поэмасының авторы  Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы «Қиял қанаты» атты республикалық дуэттік онлайн байқау жариялаған болатын. Ақындар мен суретшілердің дуэттік үйлесімділігі сынға түсер байқауға 17 жұптың туындысы қабылданған. 15 қыркүйек күні қазылар құрамы туындыларды талдап, өз бағаларын берді.

Республикада алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқаудың ерекшелігі  – суретші мен ақын өз шығармаларын бір-біріне  байланыстырып, сайысқа ұсынуы тиіс, яғни сөз бен бояу үндестігі басты назарға алынады. Байқаудың тағы бір ерекшелігі – үміткерлердің туындылары лақап атпен ұсынылған. Бұл бармақ бастыға салынбай, жүлделердің әділ берілуінің бір кепілі болмақ. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқау туралы сәуір айында хабарланып, 10 қыркүйекке дейін жұмыстар қабылданған. Осы уақыт аралығында Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 34 үміткер, яғни 17 жұптың туындысы түсіп отыр.

Дуэттік жұмыстарды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайсағали Сейтақ, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұнайдар Балмолда, жұбантанушы Үзілдік Елеубаева сынды ақындар, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, доцент, өнертанушы Қуандық Мәдір, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі Қайыр Оразғалиев сынды суретшілер зерделеп, ақын тұлғасын ашуда үйлесімділікпен орындалған шығармаларды іріктеді.

Жүлдегерлер 20  қыркүйек  күні жарияланбақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»