8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Желтоқсан 2018 2618 0
Қоғам

ИЕСІЗ ҚҰДЫҚТАР ЕСЕПКЕ АЛЫНУДА

Батыс Қазақстан облысында биыл халық тұтынып отырған 1 716 ауыз су сынамасы зерттелген. Оның 37-сі талапқа сай болмаған. Санитарлық және химиялық көрсеткіштер бойынша 1 569 су сынамалары зерттеліп, олардың 72 сынамасында сәйкессіздік анықталған. Дегенмен өңірде ауыз суды пайдалануға байланысты эпидемиологиялық асқынулар тіркелмеді.

– Сәйкессіздіктерге байланысты дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Қазір жергілікті әкімдіктермен бірлесіп орталықтандырылмаған ауыз су нысандарын бақылауға алу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, облыс, аудан орталықтарынан қашықтағы елдімекендерде халық қоғамдық құдықтардың суын пайдаланады. Осы иесіз қоғамдық құдықтар есепке алынуда. 2019 жылдың  алғашқы тоқсанында барлық иесіз құдықтар жергілікті коммуналдық меншікке алынады деп жоспарлануда. Сәйкесінше, оларды күтіп-ұстау, тазалау жұмыстары үшін қаржы бөлінетін болады,  – деді Жайдар Бисембайұлы.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»