8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2020 1445 0
Қалалықтар қаперіне

ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІНЕН ЕРКІН ШЫҒУЫНА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ

7 күн бойы коронавирус жұқтыру өсімі 7 пайыздан аспағанда халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бұл жайында ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған ел халқын коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулыда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері 7 күн бойы COVID-19-ға шалдығу өсімінің деңгейі 7 пайыздан аспаған жағдайда 2 және одан да көп адамның әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бірге серуендеуі барысына міндетті түрде маска тағу арқылы тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беруді; 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасының мүшелері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, саябақтарға, алаңдар, гүлзарларға және ойын-сауық нысандарсыз жағалауларға баруын рұқсат етсін», – делінген қаулыда.

Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық (3 адамнан көп топ немесе бір отбасы мүшелері) сақтай отырып аулаға шығуға, Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен қосымша талаптарды және күшейтілген санитарлық-залалсыздандыру режимін міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері арасында (әуе рейсімен) баруға/келуге рұқсат берілмек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»