ХАЛЫҚ САНАҒЫ-2021: ОРАЛДЫҚ ИНТЕРВЬЮЕР АЛҒАШҚЫ БОЛЫП РЕСПОНДЕНТТЕРДІ ТІРКЕУДІ АЯҚТАДЫ
1 қазаннан жалпыұлттық халық санағын жүргізу мақсатымен интервьюерлер мекенжайлар бойынша сауалнама жүргізіп, тіркеуді бастады. Орал қаласы бойынша 154 азамат интервьюер ретінде қызмет атқаруда. Солардың бірі – Кәмшат Жұмағалиева. Ол Желаев ауылдық округіндегі өзіне бекітілген аумақ бойынша 185 үйді аралап, респондентерді сауалнамадан өткізіп, толықтай тіркеуді аяқтады.
Халық санағы – 2021. Бұл еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап үшінші рет өткізіліп отырған санақ. Кәмшат Жұмағалиева бұған дейін, яғни 2009 жылы өткізілген санақ кезінде интервьюер ретінде жұмыс жасаған екен. Ол кезде санақ сауалнамалары бойынша деректер қағаз жүзінде толтырылса, биыл алғаш рет цифрлық технологияны қолданып, тұрғындарды тіркеді.
– Қыркүйек айында БҚО Статистика департаментінен әңгімелесуден өтіп, сауалнама жүргізу бойынша семинарға қатыстық. Содан соң интервьюер ретінде жұмысқа алындым. 1-19 қазан аралығында үй-үйлерді аралап тіркеу жасадым. Санақта 91 сұрақ бар. Егде жастағы қарияларымыз кейбір сұрақтарға келгенде естеріне түсіре алмай тұрып қалатын кездері болады. Сонымен қатр бір үйде 5 адам болса, әрқайсысын тіркеп шығу ұзақ уақыт алады. Бір үйде шамамен 1,5 сағатқа дейін отырып қалатын кездер болды. COVID-19-ға қатысты да сұрақ қойылады. Көпшілігі ауырғанын айтқысы келмейді, – дейді Камшат Төлегенқызы.
Интервьюер 185 үйді аралап, 850 адамды тіркеуден өткізді. Осылайша, маңызды науқанның міндеттемесін 19 күнде жауапкершілікпен атқарып шықты. Кәмшат ханым «Орал КҚЕО» ЖШС-да бақылаушы болып жасайды екен. Айтуынша, осы қызметі де санақ жүргізуде оң ықпалын тигізген. 2018 жылдан бері газ бойынша есептеуіш көрсеткішін алу, түбіртек, ескертулер тарату мақсатымен мекенжайларды аралап жүретіндіктен, тұрғындармен жақсы таныс. Сол себепті әр үйге кіруде, тұрғындармен тілдесуде қиындықтар болмаған.
– Тұрғындар сеніммен қарады. Таңертең негізгі жұмысыма шыққанда, санақ мекенжайларын қоса араладым. Дегенмен, жұмыс уақыты болғандықтан, кейбірі үйлерінде болмады. Оларға телефон нөмірімді жазып, ескерту парағын калдырып кеттім, жұмыстан келген соң, кешкі уақытта өздері хабарласып, whatsapp мессенджері арқылы сауалдарға жауап берді. Осындай кері байланыстың болуы уақытынан бұрын аяқтауыма да ықпал етті деп ойлаймын. Сонымен қатар халықтың бірқатары онлайн түрде өткен болатын. Оларды хабарлама нөмірімен ғана тексеріп өттім, – дейді Кәмшат Жұмағалиева.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу