8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2019 2016 0
Қоғам

ХАЛЫҚ ӘНДЕРІМЕН СУСЫНДАДЫ

          Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қара өлең – халық қазынасы» атты концерттік бағдарлама өтті. Тағылымды кеште аға буын өкілдері жас ұрпақты жанды дауыстағы сазды әуендерімен ұйытты.

 

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы концерттік бағдарламада халық әндерін дәріптеуші ата-әжелерден құралған шығармашылық ұжымдар көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.  Әдемі кеште республикалық байқаулардың лауреаты, халықтық «Ағалар әуені» вокалды тобы, халықтық «Әже сәлемі», «Асыл ана», көпұлтты, көпбалалы халықтық «Аруаналар» вокалды топтары «Кестелі орамал», «Қариялар», «Гүл-гүл жайна!», «Аруана», «Ахау, бикем», «Көзімнің қарасы», «Хәләулім-ай» сынды әндерді орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.                 Айта кету керек, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде «жасотандықтар» Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерінің үй жұмыстарына да қолқабыс көрсетіп, спорттық және мәдени шараларды жиі ұйымдастырып келеді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»