8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2020 1244 0
Қоғам

ХАЛЫҚ ДЕРКӨЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН ӨЗГЕРТУДІ ҚОЛДАДЫ

23 қаңтар күні Деркөл мәдениет үйінде шағынаудан тұрғындарының қатысуымен елдімекен мәртебесін өзгерту мәселесіне қатысты жиын өтті. Қатысқан 279 адамның 273-і қолдап, алтауы қарсылық танытты.

2013 жылы Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық үйлестіру заңнамасына сәйкестендіріліп,  Деркөл тұрғындарының ұсыныс-тілегімен  бұл елдімекенге «шағынаудан» мәртебесі берілген еді. Алайда, осы уақыт ішінде тұрғындар тарапына Деркөлдің мәртебесін ауыстыру, елдімекеннің өз әкімдігін ашу туралы ұсыныстар аз болған жоқ. Бұл ҚР Президентінің «Есту мемлекеті» тұжырымдамасына сай өткен аптада, 17 қаңтар күнгі қала әкімінің тұрғындарымен кездесуінде де қозғалды.

Осы орайда қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қала әкімдігі аппаратының басшысы Исатай Жазықбаев және Орал қаласы экономика бөлімі басшысының орынбасары Рауан Қуанов Деркөл тұрғындарына жаңа мәртебені алған кездегі өзгерістер мен артықшылықтарды түсіндірді.

Елдімекен «Деркөл кенті» болып құрылса, ауылдағы қаржы талап ете­тін әлеуметтік мәселелердің ше­шімі үшін қалалық бюджетке қарап, күтіп отырмай, мүмкіндігінше өздері жасауға мүмкіндік алады. Яғни, жеке және заңды тұлғалардан түскен мүлік, жер және көлік салықтары, кент кәсіпкерлерінен жиналған жеке табыс салығының түсімдері өз кірістерінде қалдырылып, жергілікті қоғамдастық шешімімен кенттің қажеттіліктеріне бағытталатын болады. Мәртебе ауыстырылғанымен, тұрғындардың қалалық тіркелім (прописка), аумақтың қалаға тиісті болуы сақталады.

Мәртебені кентке өзгертудің тағы бір артықшылығы тұрғындар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын несие алып, бизнес жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта – шағын несие көлемі – 16 млн. теңге әрі 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі және алты айлық демалысы бар.

Қатысушылар өз пікірлерін айтып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Жиынға қатысушы тұрғындардың басым бөлігі қолдап, Деркөлдің мәртебесін ауыстыру туралы ұсынысты қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Ветелки ауылында өткен жиынға қатысқан 120 тұрғын және «Сарыарқа» шағынауданында өткен жиынға қатысқан 210 тұрғын елдімекн мәртебесін «кентке» ауыстыру туралы ұсынысты толықтай қолдады.

Енді бұл мәселе қалалық мәслихаттың сессиясында қаралатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
87 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
349 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
608 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
848 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
884 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1037 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1231 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1466 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1551 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1661 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1669 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1699 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1705 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1808 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2336 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»