8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 2672 0
Қоғам

«ГҮЛДЕР» АНСАМБЛІ ТАЛАНТТЫЛАР ОРДАСЫ

                1987 жылдан бастап Мектептен тыс жұмыс орталығының «Гүлдер» вокал студиясында әншілер тәрбиелеп келе жатқан Райхан Нарымбетова үшін әр оқу жылы тынымсыз ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетіп, өзіндік жемісін беріп келеді.                                                                                                                                                                                    

Ағымдағы оқу жылы да «Гүлдер» студиясының әншілері үшін ерекше жыл болды. Жақында мектептен тыс жұмыс орталығында өткен «Гүлдер» вокал студиясының «Бақытты балалық шақ» шығармашылық есеп беру концертінде осыған толық куә болдық. Өткен оқу жылында «Гүлдер» студиясының әншілері МТЖО-ның және қалалық, облыстық деңгейдегі мерекелік іс-шараларда, Президент шыршасында өнер көрсетті. Студия әншілері Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» және мерекелік музыкалық сазды бағдарламаларында жиі қонақта болады. Биылдың өзінде облыстық телеарнадағы өнерлі балаларды насихаттайтын «Бозторғай» бағдарламасының екі бірдей саны тек қана «Гүлдер» студиясы әншілеріне арналды. Жас әншілер ән айтумен бірге, концерттерді де жүргізіп жүр. Студия әншілері Жанэль Есмағанбетова, Әлима Нурукова, Әліби Шәкенов, Алмаз Сенбіғалиев, Әлижан Тұрғали секілді оқушылар облыстық  «Балдәурен» байқауының Гала-концертін өте жоғары деңгейде жүргізгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жасөспірімдердің сан түрлі додаларда оза шауып, түрлі жетістіктерді бағындырып жүр. Мәселен, Әлижан Тұрғали  былтыр «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық  рухани-патриоттық байқаудың «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша бас жүлдені иеленсе,   республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша  бірінші орын алды. Ағымдағы жылы республикалық «Golden stars» таланттар фестивалінің  «Эстрада ән салу» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бас жүлдені қанжығалады. Ұлттық «Бала дауысы – 2019» балалар ән байқауының лауреаты атанды. «АMANAT musik» 2-халықаралық конкурс-фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін бас жүлде алды. «Жеті өнер» 3-халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша «GRAND PRI» жүлдесімен марапатталды. Өнерлі жас Гауһар Нұрлыбай «Менің елім – мәңгілік ел» республикалық рухани-патриоттық байқауының «Эстрадалық  вокал» бөлімі бойынша бас жүлдені иемденсе,  республикалық «Ақжелең» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша екінші орыннан көрінді. Аңсар Әбдуғалиев республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша  үшінші орынды иеленсе, Тұрарбек Марат  республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз» байқауында «Вокал» жанры бойынша бірінші, «Жұлдызай» 14-халықаралық шығармашылық фестивалінің қалалық іріктеу кезеңінде «Вокалдық орындау» аталымы бойынша  бірінші орындарды еншілеп, республиқалық «Golden stars» таланттар фестивалінде  бас жүлдеге ие болды.Сондай-ақ  «Жеті өнер» 3-халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында ешкімге есесін жібермеді. Дарынды өрен Әліби Шәкенов қалалық «Балапандар шеруі – 2018» байқауында 3-орын, халықаралық «Таланты Казахстана» байқауында 1-орын, республикалық «Ұлы дала ұрпақтарында» 2-орын, республикалық «Golden stars» таланттар фестивалінде 2-орын иеленді.  Ал «Жеті өнер» 3-халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін  «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша Гран-При жүлдесімен марапатталды. Диляра Маратова биыл республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауында «Вокал» жанры бойынша  екінші орын алса, «АMANAT musik» 2-халықаралық конкурс-фестивалінде 1-орынды қанжығасына байлады.   Сол секілді Аружан Заинова, Аида Ізім қалалық «Балдәурен» балалар шығармашылық байқауының бірінші орын иегерлері, облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылық байқауының дипломанттары. Таяуда ғана мектептен тыс жұмыс орталығының шәкірті Алмаз Сембіғалиев VІ республикалық «Жадыра, жас дарын» фестиваль конкурсында вокал номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі лауреат атанып, ұстаздарының мерейін өсірді. «Гүлдер» әншілер студиясы ғажап әндерді дүниеге келтірген сазгер ағаларымыздың шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген ән кештерін өткізуді дәстүрге айналдырған болатын. Халық әртісі, әнші-сазгер Е.Хасанғалиевтың шығармашылығына арналған «Елдің рухын биіктеткен Ескендірдің әндері», ұлы күйші-композитор Н.Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты кеш, қазақ вальсының королі атанған Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына бағытталған «Қазақ вальсының королі» секілді ән-кештерін ұйымдастырды. Осы оқу жылында мұңайғанды жұбатып, қуанғанды шаттыққа бөлеп, адам жанын әлдилейтін лирикалық әндерімен бірге балаларға көптеген ән арнаған Ә.Бейсеуовтің шығармашылығына арналаған «Әсеттің әсем әндері-ай» кеші өтті. Жалпы әр оқу жылдары халық композиторларын насихаттаумен бірге мерекелік шаралар да ұйымдастырады. Жыл сайын қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, ата-баба салтын сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында сахналандырылған концерттік бағдарламалар, халқымыздың ұлттық мәдениетін дамытуды көздеген шаралар, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатындағы концерттік шаралармен бірге, ел Тәуелсіздігіне арналған түрлі концерттік бағдарламалар өтіп тұрады.

Гүлназым ЖАҚСЫЛЫҚ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
59 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
241 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
282 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
560 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
572 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
698 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1000 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1092 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1119 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1329 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1601 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1826 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1865 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2012 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2211 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»