ЕТ, НАН ЖӘНЕ ЖАРМА БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдай тұрақты.
«Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты Инфляция таргеттелген 4-6 пайыздық дәлізінен асқан жоқ. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады. Алдыңға айда ол 5,5 пайыз болған еді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша әсер еткенін атап өту керек. 2017 жылдың басынан бері ол ең жоғарғы 9,1 пайыздық деңгейге жетті. Ет бағасы – 13,5 пайызға, нан, тоқаш өнімдері мен жарма – 12,7 пайызға өсті. Олардың инфляциялық үлесі – 1 пайыз. Бұл тауарлар әлемдік баға мен экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттады», – деді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында. Ерболат Досаевтың айтуына қарағанда, азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасы инфляцияны тежеуге ықпал етуде. «Азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі 5,4 пайыз болды. Бұл 2015 жылғы қазаннан бері минимум болып отыр», – деді ол. Ерболат Досаевтың сөзіне сенсек, жыл қорытындысы бойынша инфляция белгіленген дәлізде қалады. «Инфляция 5,7-5,8 пайыздық деңгейде қалыптасады», – деді ол.
ҚазАқпарат
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу