ЕСІРТКІНІ КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАМАҚ БОЛҒАН…
Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ірі көлемді есірткі саудасына қатысы бар Асқар Мұхамбетовке үкім шықты. 55 жасар ер адам есірткі бизнесімен шұғылданғанға дейін бұзақылық әрекеті бойынша бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған.

Оқиға былайша өрбиді. Осыдан бір жыл бұрын А.Мұхамбетов Жаңақалада тұратын досы Құспановтың үйіне қонақтыққа барады. Екеуі өзара әңгіме барысында Мұхамбетов өзінде 1 келіден аса кептірілген марихуанының бар екенін айтып, оңай олжаға қарық болудың жоспарын құрады. Осылайша Құспанов бұл кәсіпке облыс орталығында тұратын жиені Омаров Шамилді тартады. Мәселеге қанық болған ол өнімді сатып алатын таныстарының бар екенін айтады. Осылайша екеуі облыс орталығында кездесіп, 1 келі 700 грамм есірткіні «ToyotaCamry» автокөлігіне ауыстырмақ болады. Олардың бұл әрекеті ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің араласуымен әшкере болды.
Қара базарда шамамен 1 келі 700 грамм марихуана 3 млн. теңгені құрайды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов атап өткендей, қылмыскер Мұхамбетов енді өмірінің 10 жылын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейді.
– Қылымыскер Мұхамбетов ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, заңсыз дайындау дерегі бойынша айыпты деп танылды. Ол тергеу амалдары барысында өз кінәсін толықтай мойындады. Аталған бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Дегенмен күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, өкінуі және 80 жастағы егде анасының бар екені ескеріліп, ең төменгі жаза 10 жыл бас бостандығын шектеу жазасы кесілді, – деді Бақыт Ермаханов.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Айнұр ҚҰРМАШЕВА
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу