8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2023 3053 0
Қалалықтар қаперіне

Есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды


Оралда аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі баланың анасы Колбасина Юлия 10 жылға сотталды. Үкім облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта оқылды.

45 жастағы әйел синтетикалық есірткі сақтап, оны заңсыз таратқаны үшін айыпқа тартылды. Ол өткен жылдың желтоқсан айының соңында қолға түссе де, тергеу амалдары осы кезеңге дейін жүргізілді. Бұл видео күдіктінің қолқа түскен сәтінде түсірілген. Ол телеграмм каналы арқылы тапсырыс қабылдап, межелі жерге өз көлігімен жеткізіп отырған.

Күдік тудырған көлікті тоқтатқан полицейлер оның жүксалғышынан 74 кішкентай қалташадан бір келіден аса синтетикалық затты анықтады. Сол сәттен бастап үй қамағында болған әйел бүгін сот залында түрмеге тоғытылды. Ол өз кінәсін толықтай мойнына алды.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев сот үкімінің заңды күшіне енбегенін жеткізді. – Күдікті Колбасина жазасын қауіптілігі орташа мекемеде өтейтін болады. Ол ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімінің 1,3,5 тармағы бойынша кінәлі деп танылды. 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның кәмелетке толмаған екі баласын асырап-бағу бойынша тиісті құзырлы мекемелер шешім шығаратын болады,- деді облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»