8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2022 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2022 991 0
Еске алу

Есімі ел есінен өшпейді

Өткен аптада Ақ Жайық жұртшылығы өңірімізге, елімізге еңбегі сіңген мұнайшы, құрметті азамат Есет Рауатұлы Әзербаевты еске алып, ескерткіш тақтасын көзі тірісінде тұрған Мұстахым Ықсанов, 45 мекенжайындағы үйінің қабырғасына орнатты.

Күнінде елдің алдында жарқырап жүрген беделді азаматты еске алуға Жайықтағы игі-жақсылар мен тума-туыстары, әріптестері сонау Алматы қаласынан бері қарай жиналды. Ескерткіш тақтаның ашылуына арнайы келген облыс басшысы Ғали Есқалиев осы өлкеге еңбегі сіңген, осы елдің экономикасы мен өндірісін, әлеуметтік жағдайын көтерісуге зор үлес қосқан Есет Рауатұлының есімі бала кезінен құлағына жатталып қалғанын айтып берді. Себебі, ата-анасымен, отбасымен араласып, дос-жолдас болған танымал тұлғаны бұл өңірдің халқы ұмыт қалдыруы мүмкін еместігін тілге тиек етті облыс әкімі Ғ.Нәжімеденұлы. Сол секілді ескертккіш тақтаны ресми түрде ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген мен ардагер – мұнайшы Жақсылық Закировтер де Есет ағай жайлы естеліктерімен бөлісті. Бір топ зиялы қауым ол кісінің көзі тірісінде көптеген өнер адамдарын қолдағанын, жомарттығымен, адамгершілік қасиетімен, кішіпейіл мінезімен көпке үлгі-өнеге болғанын айтып берді.

Иә, осыдан бес жыл бұрын жарық дүниеден қоштасып, фәниге аттанған Есет Рауатұлы егер тірі жүрсе, мерейлі 80 жасқа толар еді. Арда азамат 1942 жылдың 14 – қаңтарында Башқортастан Республикасы Федоров ауданының Раевка селосында дүниеге келсе де, патриоттық сезімі бойында алаулап жанып тұратын. Бірде редакцияның жұмысымен Есет ағаның қызметтегі ғимаратына арнайы іздеп барып, мақала жазғаным бар. Сол сәтте көңілі жадыраған жан алыста қалған балалық шағын есіне түсіріп, қызықты оқиғалармен әңгімесін өрбіткен-ді. Өзі әдебиетке жаны жақын екен. Руханият пен өнерге көңілі бұрып, айналасына кісілік келбетімен қарайтын ол:
– Әкем Рауат Байғабылұлы Әзербаев 1908 жылы дүниеге келді. 1998 жылы өмірден озды. Әкемнің дүниеге келген жері Сырым ауданы. Сол жақтағы Талдыбұлақ ауылының іргесінде «Көктөбе» дейтін жер бар. Қазір «Көктөбе» деген жеке шаруашылық құрылды. Елімізге аты шыққан бұл жер табыстан-табысқа кенелуде. Осы шаруашылық туралы журналист Роза Сыйқова деген қарындасым «Приуралье» газетінің 2003 жылғы бесінші ақпан күніне арнайы мақала жазыпты. Оқып шығып, риза болдым. Айтайын дегенім, «Аталар мұрасы» деген кітап жаздым. Алғашқы бетіндегі мақаламның аты «Тынысы кеңіген Талдыбұлақ» деп аталады. Арманым-ата-бабаларым жүріп өткен қасиетті топыраққа тағзым етіп, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік ескерткіш қалдыру! Өйткені, кітап – қазына ғой. Кітапты оқырмандар оқиды ғой. Өз өмірім жайлы, шыққан тегім туралы білгенімді қағаз бетіне түсіруден жалыққан емеспін. Бос уақытымда мұнайшылар жайлы газет – жорналдарды ғана оқып қоймай, көркем әдебиетті де сүйіп оқимын,- деп Есет аға ағынан жарылды.
Мінезге бай, әр сөзін асықпай-аптықпай ой сүзгісінен өткізіп сөйлейтін Есет аға әңгіме арасында: «Мен осы өлкеден шыққан талай жігіттерге көмектестім. Буыны әлі қатпаған, өмірден әлі өз жолын таппаған жастардың адам болуына, үлкен азамат болуына септігімді, көмегімді тигіздім. Олар менің сол жақсылығымды ұмытпай ескеріп жүрсе болғаны. Маған айналамдағы әріптестерімнің, туысқандай болып кеткен інілерімнің ілтипаты ғана керек» деп еді. Күні кеше ел ағасының есімі қайта жаңғырып, жерлестері естеріне алған сәтте Есет Рауатұлының осы бір ауызсөзі ойыма еріксіз оралды. Ақ Жайық атырабының есті әрі білікті ұлдары мен аға-апалары, жалпы ел-жұрты марқұмның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатып, аруаққа тағзым еткені «Ер есімі-ел есінде» мәңгі сақталатынын тағы бір мәрте дәлелдегендей.
Қазақ Елінде тұңғыш ұлттық газ компаниясын ұйымдастырушы, академик, экономика ғылымының докторы Есет Рауатұлы Әзербаев белгілі мұнайшы-ғалым, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерінің иегері, экономика ғылымдарының докторы, бірнеше кітаптың авторы болып тарихта мәңгілік қалды. «Қарашығанақ» кен орнын игеруге қатысып, «Бұхара-Орал», «Орта-Азия-орталық», «Одақ», «Орынбор-Новопсков», «Газли-Шымкент-Бишкек-Алматы» сияқты ірі газ тасымалдаушы өндірістерге операторлық қызметті, еліміздің мұнай-газ саласына алғашқы шетел инвестициясының келуі секілді ауқымды істерді жүзеге асырды. «ҚазақГаз» газ қоры, тасымалдау жүйесінің ұзындығы бұдан басқа да көрсеткіштерімен әлемдегі ең ірі 10 газ компаниясының қатарына кірді. Әзербаевтың басшылығымен «Рудный-Костанай» мен Батыс Қазақстан облысы ауданаралық газ құбырлары салынды. «Атырау-Самара» желісін газ тасымалдауға айналдырып, Жайықтың оң жағалауындағы елді мекендерге көгілдір отын жеткізілді. Тіпті, сонау бір жылдары жаңбыр сирек жауып, табиғаттың теперішін көрген өңірде қуаншылық белең алды. Сол тұста Жайықтағы біраз шаруаларға көмектесіп, диқандарды жану-жағармайдың қиындығынан құтқарды. Елін-жерін шын сүйген азамат өлкенің мәдениеті мен тарихының гүлденуіне де сүбелі үлес қосты. Бөкейорда ауданындағы Жәңгірхан мен Дәулеткерей кесенелерінің салынуына атсалысты. Бірақ, ешкімге осынау жасаған игі-істерін тіс жарып айтпады. Мақтанып, міндетсімеді. Үндемей жүріп таудай мәселені бір минөтте шешіп тастайтын азаматтың өн бойында көптеген ауқаттылар мен байларда кездесе бермейтін ашықтық, мәрттік бар болатын.
– Талай ауылда шамсыз-дымсыз қараңғы үйде отырған қаракөздеріме жарық шамын орнатып едім. Не көгілдір отын жоқ, не жарық жоқ. Күн көрістері мүшкіл жұртыма жақсылық сыйлауды, оларға қолұшымды созуды басшылық қызметім емес, жеке перзенттік парызым санадым. Олардың сол кездегі қуанышын көрсеңіз ғой. «Адам-адамға дос, бауыр болу керек». Еліме жасаған жақсылығым көп. Бірақ та қайтарымын ешкімнен күтпеймін. Арғы аталарым арабша әріп танып, Құранның сүрелерін жатқа айтқан. Менің де бойымда тылсым қасиеттер бар. Араб тілін жақсы білемін. Алайда жеке тағдырым, өмір жолым, жүрген жерім көп нәрседен алыстатып жіберді. Ұзақ жылдар шет мемлекеттерде болдым. Өзіме тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен орындауға серт еттім. Сенім биігінен көріндім. Қазір шүкірмін. Өткен күндерімнің орнын толтырғандаймын. Өкінішім мен өкпем жоқ. Тек, еліміз аман болсын,- деп айтып еді Есет аға.
Арада біраз уақыт өтті. Ағамыздың денсаулығы сыр берді. Сырқаттанып, төсек тартып жатып қалды. Егер, науқасы күшеймесе әлі талай естеліктерін жазар еді. Халқымен жүрек түкпіріндегі талай ойларын бөлісер еді. «Әр қазақ менің жалғызым» деп, халқымыздың әр үйі мен елді-мекенін көгілдір отын мен жарыққа кенелтер еді. Шүкірміз ғой. Ізін басар ізбасарлары бар ғой. Дегенмен, Есеттей елім дегенде жүрегі елжірейтін, «есеп-қисапсыз» қимылдайтын есті ағаның орны, төбесі ойсырап тұрғандай болады күні бүгінге дейін.


Түйін:
Иә, ел азаматы Құдай қосқан жан-жары, балаларының анасы Әзербаева Валентина Михайловнамен бірге ұзақ жылдар бақытты, шалтты, тыныш өмір сүрді. Ұлы Рустам мен Әсия, Лейла есімді қыздарынан төрт ұрпақ сүйді.
Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін азаматын Ақжайық атырабының халқы ешқашан ұмытпақ емес. Құран бағышталып, ел-жұрты есіне алған Есет ағаның әруағы бір аунап жатқаны анық. Рухы желеп-жебей берсін!

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ, суреттер
Рафхаттан  алынды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
22 мұғалім «Алғыс хат» алды!
30 Қыркүйек 2022
122 0
Руханият
Сырым бабаның рухына тағзым!
30 Қыркүйек 2022
126 0
Қалалықтар қаперіне
Екі облысқа жолаушылар қатынасы уақытша тоқтады
29 Қыркүйек 2022
164 0
Жалын
Жаңбыр жауса да жұрт тарқамады…
17 Қыркүйек 2022
845 0
Жалын
Салтанатты қабылдау рәсімі өтті
17 Қыркүйек 2022
834 0
Қалалықтар қаперіне
ЖАҢА БӨБЕКЖАЙ АШЫЛДЫ
16 Қыркүйек 2022
891 0
Қалалықтар қаперіне
Дети не ищут опасность – они просто играют
13 Қыркүйек 2022
1142 0
Оқиға
4 жылқы көлікке соқтығысты
09 Қыркүйек 2022
1439 0
Оқиға
Көлігімен бірге өртенді!
07 Қыркүйек 2022
1272 0
Медицина
ЕМХАНАҒА ТІРКЕУ
06 Қыркүйек 2022
1253 0
Оқиға
Дала өрті тіркелді
06 Қыркүйек 2022
1324 0
Өзек
Жолдауды бірауздан мақұлдады
05 Қыркүйек 2022
1393 0
Медицина
МӘМС ЖҮЙЕСІ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА
31 Тамыз 2022
1469 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»