ЕСІК АШЫЛМАЙ ҚАЛСА…
Есіктердің кілттеніп қалу себептері әртүрлі: адамның салғырттығынан, жел әсерінен немесе құлып ақаулығынан. Кейде пәтерде қалған кішкентай бала құлыпты жауып, кейін өзі аша алмай жатады.

Әрбір кезекшілікте құтқарушыларға кіреберіс есіктің ашылмай қалғаны туралы қоңыраулар жиі келіп түседі. Тұрғындарға үйлеріне кіруге көмектесу үшін құтқарушылар балкон мен терезе арқылы пәтерге тізе сатысының көмегімен кіреді. Есіктерді бұзатын жағдайлар да болды.
Бұл жағдайда ең бастысы құтқарушылар сабыр сақтауға кеңес береді. Құтқарушылар, әрине, есікті ашуға тырысады, мамандандырылған құрал-саймандармен есікті зақымдамай жүргізу екіталай. Сондықтан құтқарушылар пәтерлерге терезелер, балкондар немесе желкөздер арқылы кіреді. Ол үшін арнайы құрал жабдықтар пайдаланылады, ол төбеге немесе жоғары қабатқа бекітіледі. Егер пәтерде терезе желдеткіші немесе терезелер ашылып тұрса, онда бұл құтқарушылардың жұмысын жеңілдетеді және жылдамдатады. Егер үйде ашық терезе қалмаған болса, құтқарушылар терезе рамасын демонтаждайды (бөлшектейді). Аса қиын және шұғыл жағдайларда шыныны сындыруға тура келеді.
Жуырда«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ 1940 жылы дүниеге келген науқас азаматқа көмек көрсетті. Арнайы құрал-жабдықтармен құтқарушылар есікті ашып, алғашқы көмек көрсетті.
Құтқарушылар кішкентай балалардың ата-аналарын осындай қиындықтардан сақтап қалу үшін есіктерді орнату кезінде ілмекті бірден алып тастаған қажет дейді. Сонымен қатар, балаларды үйде жалғыз қалдырмау керек, себебі ерте ме, кеш пе ересектер тарапынан болатын осындай салғырттық қайғыға әкелуі мүмкін.
Егер есік кілтеніп қалып, үйде адамдардың (қарт адамдардың, науқастардың) немесе баланың өміріне қауіп төнсе, одан басқа қосымша қауіпті факторлар (плитадағы кастрюль, ашық балкон) болса, бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Ең бастысы, сабыр сақтаңыздар және кезекшіге жағдайды нақты түсіндіріп айтыңыз.
Б.Хайбуллина, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу