8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2020 1022 0
Қоғам

Қ.ЕСЕНДИЯРОВ: «СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ МАМАНДАР ТАПШЫ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылаған БҚО активінде БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров дене тәрбиесінің  өзекті мәселелерін шешуде жүйелі жұмыстың қажет екенін және еңбекақының аздығына байланысты жаттықтырушылардың тапшылығын қозғады. 

– Мемлекет басшысы қоғам өмірі түбегейлі өзгеріске ұшыраған қазіргідей кезде халықтың денсаулығын нығайту, ол үшін бұқаралық спортты дамыту – басты мәселе екенін атап өтті. «Салауатты жастардың, қуатты ұлттың негізі – бұқаралық спорт» деп Президент өз Жолдауында тайға таңға басқандай нақты бағытты айқындап берді. Жас ұрпақтың денсаулығы мықты болуы мектепте жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарына, сол сабақтарда алған білім-дағдыларына тікелей байланысты. Сондықтан дене тәрбиесінің өзекті мәселелері шешім табуы кешенді, жүйелі жұмыстарды қажет етеді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген ұлы Абайдың даналығы білім, спорт, медицина салаларының адам өміріндегі маңыздылығына дәлел. Биылғы әлемдік пандемия осы үш саланың біршама өзгерістеріне себеп болып, адамдардың денсаулығы мықты болуы үшін дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануы қажет екеніне көздерін жеткізді. Мемлекет басшысы «Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру, әсіресе балаларға көңіл бөлу керек. Әрбір аймақта, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу қажет. Өскелең ұрпақтың күш-қуаты мен қызығушылықтарын дұрыс арнаға бағыттауымыз тиіс. Себебі балалар біздің мемлекетіміздің ертеңі» деп жас ұрпақтың тәрбиесінің өзектілігін атап өтті. Күні бүгінде спорт саласындағы өзекті мәселелердің бірі жас жаттықтырушыларды тарту болып отыр. Бұл жердегі басты мәселе – қаражат. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттықтырушы мамандар тапшы. Бұл жаттықтырушы еңбекақысының төмендігіне байланысты. Мысалы, орта білім беретін ұйымдарда дене тәрбиесі мұғалімінің жүктемесі – 18 сағат. Алатын еңбекақысы – 172 333 теңге. Ал спорт саласындағы жаттықтырушының жүктемесі 24 сағат, еңбекақысы – 72 558 теңге. Осыған орай спорт саласы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар көбіне мектептегі мұғалімдік жұмысты таңдап, спорт мектептеріндегі жаттықтырушылық қызметті кәсіп етпей отыр. Бұл жағдай жоғары жетістіктер спортының толыққанды дамуына кері әсерін тигізуде. 2020 жылдан бастап жаттықтырушылардың еңбекақысы 25 пайызға артып, орташа айлық еңбекақысы – 90 700 теңгені құрады. Дейтұрғанмен, қазіргі кезде мұның өзі аздық етеді және мектеп мұғалімінің еңбекақысымен айырмасы жер мен көктей. Осы аталған мәселелерді шешудің бір нұсқасы – спорт саласын оңтайландыру деп есептеймін. Мемлекет басшысы Жолдауда спорт саласы бойынша кәсіби спорт клубтарына қатысты мәселеге көзқарасын білдірді. «Қаржы жетіспеушілігі жағдайында кәсіби спорт клубтарын толықтай бюджет қаражаты есебінен ұстаудың еш маңыздылығы жоқ. Мемлекет және квазимемлекеттік сектордың миллиардтаған қаражаттары тиімсіз жұмсалуда» деп мемлекет қаражатын үнемдеу қажетін көрсеткен. Спорт саласындағы осындай өзекті мәселелерді шешу бағытында біздің өңірімізде де біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тамызында спорт саласы бойынша 57,5 штаттық бірлік қысқартылды. Қысқартуға ұшырағандардың 30 пайызы әкімшілік қызметкерлер болса, қалғаны техникалық қызмет көрсетуші персоналдар. Нәтижесінде ағымдағы жылдың қалған бес айында 28 миллион теңгеден астам қаржы үнемделеді. Өз кезегінде осы үнемделген қаражатты жаттықтырушылардың немесе өзге де қызметкерлердің еңбекақысын өсіруге бағыттауға болады. Алайда, өкінішке орай қолданыстағы заңнама мұндай мүмкіндік бермей отыр. Осы бағытта тиісті уәкілетті органдарға ұсыныс жолдауға қолдау көрсетуіңізді сұраймын, – деді Қаймен Есенаманұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
107 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
307 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
309 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
767 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
835 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
875 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
894 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1263 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1389 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1421 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1696 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1708 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1836 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2128 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2227 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»